Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-21 C
Nur-Sultan
-11.1 C
Almaty
-10.7 C
Shymkent

Тәуелсіздік күнін 25 қазанда атап өту қажет

Танымал

Ел аузында

Тәуелсіздік күнін 25 қазанда тойлап, ал 16 желтоқсанды «жалпыұлттық қаралы күн» деп бекіту керек. Бүгін Алматыда баспасөз мәслихатын өткізген жазушы Марат Тоқашбай, Есенқазы Қуандық, желтоқсаншы Халелхан Ыбрайымханұлы мен Жанат осындай бастама көтерді. Бұл туралы malim.kz хабарлайды.

Жазушы Есенқазы Қуандықтың сөзінше, Тәуелсіздік күнін боздақтардың қаны төгілген күні тойлату – тарихты мазақтаумен тең.

«16 желтоқсан Тәуелсіздік күнін тойлау – құнсыз, легитимсіз, кезінде бөлініп шығу үшін қажет болған соң істей салынған әрекет.  Қайғылы, қасіретті күрес жалғасы болған қаралы күнді мейрам ету қазақ халқының менталитетіне жат нәрсе. Осы ойымызды халық болып қолдайсыздар деп үміттенеміз. Мұны айтып, шырылдап жатқанымыздың басты себепкері – жастар. Жастар қазір бұрмаланған тарихты оқып, тәуелсіздікті Назарбаев алып берді деп жүр. Тарих ұмыт болмауы керек, тарихқа қастандық жасауға болмайды»,- дейді ол.

«16-17 желтоқсан гүл қойып қайтқан соң, не біреуге барып «Мейрамыңмен!» деп құттықтай алмаймыз, не жылап, көңіл айта алмаймыз. Екі ойлы болып жүргелі отыз бес жыл болды. Желтоқсаншылардың алды өліп жатыр. Арты болып біз қалдық. Қазір алдымызда тұрған іс – осы мәселені шешу. 16-17- Еске алу күні десін, қаралы күн жарияламаса жарияламай-ақ қойсын. «25 қазан – Тәуелсіздік күні!» деп аталсын. Бар ұсынысымыз осы», – деді желтоқсаншы.

Бастама көтергендер Тәуелсіздік күнін жаңаша тойлауды алдағы демалыс күндері бастап кетуге шақырды. 
«Атажұрт» қоғамдық бірлестігінің жетекшісі Қыдырәлі Оразұлы 23-25 қазан аралығында Тәуелсіздік алаңына гүл шоғын алып шығып, отыз жылдық мерейлі датаны ауыл-аудан деңгейінде тойлауды, осы іске жастардың белсене қатысуын сұрайтынын жеткізді.

«Биыл 25 қазан дүйсенбіге түсетіндіктен, билік бұл ұсынысымызға не деп жауап берері белгісіз, сондықтан  23-25 қазан аралығында мерекені үш күн тойлауға ат салысуды ұсынамыз, алаңдарға шығып, әкімшілікке барып, ту ұстап, жастарды жинап, тойлаңыздар. Бұл күннің мәртебесін арттырайық. Ал 16 желтоқсан күні 1986 жылы Алматыда, 2011 жылы Жаңаөзендегі ереуілге шығып, қаза болғандарды еске алу күні болып бекітілсін. Сондай-ақ, саяси тұрғынды босатып, қуғын сүргінді тоқтатуды ұсынамыз», – деді ол.

Еске сала кетейік, 25 қазан «Республика күні» ретінде Қазақстанда 1992 жылдан бастап аталып өтіліп, 2001 жылы мемлекеттік мерекелер тізіміне енгізілді. Ал 2009 жылы сәуірде Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен Республика күні мемлекеттік мерекелер тізімінен алынып тасталды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Dauletten» қоры 74-баспананың кілтін төртбалалы анаға сыйлады

«Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, «Dauletten» қайырымдылық қоры жүрегі таза, мейірімді азаматтардың қолдауымен тағы бір отбасыға бақыт сыйлап, баспананың...