Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

4 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
24.3 C
Shymkent

Солтүстік Қазақстанда өздерін «Халық кеңесі» деп жариялаған сепаратистерге қарсы қылмыстық іс қозғалды

Танымал

Ел аузында

Тараған ақпараттарға қарағанда, 19 наурызда Солтүстік Қазақстанда әлдебір 19 адам жиналып, «Халық кеңесі» құрылғанын жария етіп, тіпті оның «жарғысын» жобасын, «декларациясын» қабылдап, төрағасы мен хатшылығында сайлап тастаған.

Солтүстік Қазақстан облысында өздерін «Халық кеңесі» деп жариялаған сепаратистерге қарсы қылмыстық іс қозғалды. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті ҚазТАГагенттігіне айтқан.

«Бұл ақпарат Солстүстік Қазақстан облысы полиция департаментінде тіркелді. Жедел тергеу шаралары жүріп жатыр», – делінген жергілікті полиция департаменті берген ақпаратта.

Бүгін әлеуметтік желіде өздерін «Халық кеңесін» құрушылар деп жариялаған бір топ адамның видеосы тарады.  Видео жедел тарап, қызу қоғамдық талқыға түсті.

Тараған ақпараттарға қарағанда, 19 наурызда Солтүстік Қазақстанда әлдебір 19 адам жиналып, «Халық кеңесі» құрылғанын жария етіп, тіпті оның «жарғысын» жобасын, «декларациясын» қабылдап, төрағасы мен хатшылығында сайлап тастаған. Қазіргі кезде әлеуметтік желіде тараған видео мен ақпарат қызу талқылануда.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Заң және тәртіп» – қауіпсіз қоғам құруға бағытталған тиімді цифрлық құрал

«Заң және тәртіп» цифрлық сервисі – халық пен полиция арасындағы өзара байланысты нығайтатын заманауи жоба.Бұл сервис азаматтарға құқық қорғау...