Алматы тауларында блокбекеттер орнатылды

Танымал

Ел аузында

Алматы тауларында бақылау бекеттері қойылды. Төтенше жағдайлар департаменті мәліметінше, Алматы маңындағы тау беткейлерінде қар көшкіні жүру қаупі сақталады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«ТЖД көшкін қаупі туралы № 13 ескерту негізінде: 2023 жылғы 5-7 сәуір аралығында үлкен және Кіші Алматы өзендері бассейнінде қар көшкіні қаупі сақталады.

Осыған байланысты қар көшкінін тудырмас үшін қар басқан беткейлерге шығу ұсынылмайды, тауға барудан бас тартқан дұрыс», – делінген хабарламада.

Осыған байланысты Аюсай шатқалындағы сарқырамаға адамдардың өтуіне жол бермеу үшін Бостандық ауданы ПБ қызметкерлері арасынан Аюсай бөгеті алдына пост орнатылды.

Сондай-ақ, блокбекет Шымбұлақ маңындағы қар көшкіні қаупі бар аймаққа орнатылған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ҮМІТ СЫЙЛАЙТЫН ШЕШІМ: АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА АҒЗА ДОНОРЛЫҒЫ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА

Алматы облысы елімізде ағза донорлығы мен трансплантология саласын дамытуда жетекші өңірлердің бірі болып табылады. Өңірде донорлық үдерістер қолданыстағы заңнама...