Бибісара Асаубаева «Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері» атағын алды

Танымал

Ел аузында

19 жастағы Асаубаева әйелдер арасында гроссмейстер, ерлер арасында халықаралық шебер атанған.

Блиц шахматтан екі дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева «Қазақстанның еңбек сіңірген спорт шебері» атағына ие болды деп хабарлады turkystan.kz.

Бұл туралы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Мені құттықтасаңыздар болады. Алдарыңызда шахматтан еліміздегі жалғыз Еңбек сіңірген спорт шебері», – деп жазды ол.
19 жастағы Асаубаева әйелдер арасында гроссмейстер, ерлер арасында халықаралық шебер атанған. Сондай-ақ 2021, 2022 жылдары блицтен әлем чемпионы атанды. Ал рапидтен 2021 жылы әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

HONOR 600: фотоларға жан бітіретін және идеяңызды жалғастыратын смартфон

Ең сәтті кадрлар әдетте алдын ала жоспармен түсірілмейді: әдемі жарық бірнеше минут қана сақталады, кадрдағы күлкі бір сәтте жоғалады,...