Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

18.6 C
Nur-Sultan
22.1 C
Almaty
26.5 C
Shymkent

«АрселорМиттал Теміртау» заңгері өлі табылды

Танымал

Ел аузында

Компанияның баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап, марқұмның отбаcына көңіл айтты.

«АрселорМиттал Теміртау» заңгерінің денесі өртенген пәтерден табылды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Компанияның баспасөз қызметі бұл ақпаратты растап, марқұмның отбаына көңіл айтты.

Әйел адамның денесін Шахтинск қаласының ТЖ бөлімінің қызметкерлері пәтерлердің бірінен тапқан. 23 сәуірде сағат 13.01 шамасында бесқабатты үйдегі пәтердің бірінен өрт шыққаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер пәтерде жиһаз бен үй заттары өртеніп жатқанын анықтаған. Өрттің жалпы аумағы – алты шаршы метр.

«Оқиға орнында 1969 жылы туған әйел адамның денесі табылды. ТЖД өкілдері бес адамды эвакуациялады. Өрт 13.25 шамасында сөндіріліп, сағат 13.31-де толық сөндірілді. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр», – деді Қарағанды облыстық ТЖД өкілдері.

Облыстық Полиция департаментінің өкілдері бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын айтты.

«Марқұм әйелдің денесінде зорлық белгілері болды. Қазіргі уақытта кінәлі адамды және болған оқиғаның мән-жайын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Қажет сараптамалар тағайындалды», – деді облыстық ПД өкілдері.

«АрселорМиттал Теміртау» АҚ өкілдерінің сөзінше, марқұм әйел компанияда заңгер болып жұмыс істеген.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматинской области уровень оснащения медучреждений за три года вырос с 79% до 92%

В Алматинской области в рамках национального проекта «Модернизация сельского здравоохранения», реализуемого по поручению Президента, ведётся системная работа по материально-техническому...