Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

25 C
Nur-Sultan
28.3 C
Almaty
36.5 C
Shymkent

Дүкенге ұрлыққа түскен ер адам анықталды

Танымал

Ел аузында

   Түркістан қалалық полиция басқармасына жеке кәсіпкер ұрлық құрбаны болғаны жөнінде арызданған. Жәбірленуші ер адамның айтуынша, күндізгі уақытта белгісіз біреу, онының күнделікті тұрмысқа қажетті заттарды  ұрлап кеткен . Келтірілген шығын көлемі 70 000 теңгеге  жуық. 

Полиция қызметкерлері аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы «Ұрлық» бойынша тіркеді.
Орын алған қылмысты ашу мақсатында тәртіп сақшылары қажетті жедел-тексеру шараларын жасады. Куәгерлерден сұрастыру жұмыстары жүргізілді. Арнайы бейнебақылау камераларын тексерді.
Осылайша тәртіп сақшылары ақпарат көздері арқылы сезіктінің жеке басын анықтап, оны бір тәулік ішінде ұстады. Ол бұрын сотталған жергілікті тұрғын болып шықты.
Белгілі болғандай, күдікті дүкенге тұтынушы болып кірген. Содан соң керекті заттарды байқатпай ішкі қалталарына салып алып, жолай кезіккен адамдарға сатып кеткен.
Қазіргі таңда аталған жайтқа байланысты тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...