Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

6.4 C
Nur-Sultan
14.8 C
Almaty
21.5 C
Shymkent

«Түрмеге жабады». Коллекторлардың кредит төлей алмаған адамды қорқытуы заңды ма?

Танымал

Ел аузында

Коллекторлар кредит төлей алмай жүрген адамдардан ақша өндіріп алу үшін түрлі нәрселер айтып, қорқытып жатады. Олардың бұл әрекеті заңды ма? Бұл сұраққа заңгер Дүйсенғали Мухамедияр Нұрғалиұлы өзінің инстаграм парақшасында жауап берді, – деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.

Заңгерге оқырмандарынан «несие төлей алмай қалдым, мені түрмеге жабайын деп жатыр» деген секілді сұрақтар келеді екен.

«Бұл жерде шешіп алатын бір мәселе бар. Несие алушы және несие беруші арасында қылмыстық жауапкершілік мүлдем қарастырылмаған, сондықтан бұл коллекторлардың барынша қорқытып, бопсалап, өндірудің қитұрқы әрекеттері. Жалпы бұл әрекеттері үшін коллекторларды жауапқа тартуға мүмкіндіктеріңіз бар. Несие алушы мен беруші тек азаматтық тәртіппен қарастырылғаннан кейін сіздің әрі кетсе шотыңызды бұғатқа қойып, мемлекеттен шығуға тыйым салуға құқықтары бар. Әрине, ол жеке сот орындаушы арқылы», – деп жауап берді Мухамедияр Нұрғалиұлы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Госкорпорация внедрила сервис по доставке готовых документов

Государственная корпорация «Правительство для граждан» внедрила в работу центров обслуживания населения услугу доставки готовых документов на указанный адрес. Сервис реализован...