Қазақстанда жемқор шенеуніктерден тәркіленген қанша ақша мектепке жұмсалады?

Танымал

Ел аузында

Жемқор шенеуніктерден тәркіленген қаржы 72 жаңа мектептің құрылысына жұмсалады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Үкіметі сыбайлас жемқорлардан сот арқылы алынып, мемлекетке өткен ақшалай қаражатты мектептердің құрылысына беру механизмін бекітті. Тиісті түзетулер енгізілген қаулыға ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов қол қойды.

«Бүгінгі таңда Білім беру инфрақұрылымын қолдау қорына 121,7 миллиард теңге түсті. Сонымен қатар ел басшылығының тапсырмасы бойынша Республикалық бюджет комиссиясы 106,7 миллиард теңгені құрайтын 72 жобаны қолдады. Атап айтқанда, 94,1 миллиард теңге 85 мың орындық 69 мектептің құрылысын аяқтауға; тағы 12,6 миллиард теңге үш жаңа нысанның (екі ауысымда 1400 орынға арналған екі мектеп және 200 орындық мектеп-интернат) құрылысын аяқтауға бағытталады», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Ғылыми шындық пен көзқарас: жас зерттеушілер дискурсы

         Дәстүрге сәйкес қара шаңырақ, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде жас ғалымдар мен студент, магистрант, докторанттар қатысқан «Фараби әлемі» халықаралық...