Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-3 C
Nur-Sultan
9 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Ұлты өзбек болғанымен, жаны қазақ-Гүлмира

Танымал

Ел аузында

Бұл Сайрам аудандық полиция басқармасы ювеналды полиция тобының аға инспекторы полиция майоры Гүлмира Құрбанова. Бүгінгі кейіпкеріміз, елгезек жан, өз ісіне жауапты әрі ізденімпаз.

Ол Ақсукент ауылында өзбек ұлтының шаңырағында дүниеге келген. Полиция майоры Г.Құрбанова жаны нәзік болса да қайсарлықты, турашылдықты ұнатады. Кішкентайында атасы Ғуламтайға ұқсап, тәртіп сақшысы болуды армандайды. Осы бала қиялымен, арман-мақсатымен 2002 жылы мектепті бітіріп, Шымкент қаласына құқықтану мамандығы бойынша жоғары оқу орнына түседі.

Осы аралықта тұрмысқа шығып, балалы болады. Жанұяда асыл жар, аяулы ана атанады.

Ал ішкі істер саласындағы алғашқы қызметін 2007 жылы аудандық ішкі істер басқармасының әкімшілік полиция бөліміне кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекторы лауазымынан бастайды.

Қазіргі таңда ювеналды полиция тобының аға инспекторы қызметін абыроймен атқаруда. Жұмыста жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген. Атап айтсақ, полицейлер арасында өтетін спорттық жарыстарда жүлделі орындарға ие болған. Оның ішінде тапанша, мылтық ату бойынша ІІ-орын, әйелдер арасындағы волейболдан ІІ-орын иегері атанған. «Қазақстан полициясына 25 жыл», «Қылмыстық іздестіру қызметіне 100 жыл» және «Сайрам ауданының 90 жылдығы» төсбелгілерімен марапатталған.
Отбасында 2 ұл мен 1 қызы бар.

Осы ретте гүлдей жайнаған Гүлмира қыздарыңыз баршаңызды халықтар достығы, Бірлік күнімен құттықтайды. Түрлі ұлт пен ұлыс ынтымақта ғұмыр кешіп жатқан Қазақстанның өсіп-өркендеуі жолында бірлесіп, аянбай қызмет етуге шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысында полиция 18,5 мыңнан астам құқық бұзушылықты анықтады

Түркістан облысының полицейлері үш апта ішінде 18,5 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Оның ішінде 34-і ұсақ бұзақылық пен...