Аяусыз ұрып, шашын кесіп тастаған: тұрғындар қызды өздері жазаламақ болған

Танымал

Ел аузында

Өзбекстанда Бұхара облысында тағы бір қызды аяусыз ұрып-соғып, шашын кесіп тастаған, – деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі Podrobno.uz-ға сілтеме жасап. 

Бұл оқиға Қаған өңірінде болған. Әлеуметтік желіде тараған видеода үш әйел мен ер адам жылап кешірім сұрап жатқан қыздың шашын кесіп жатқанын көруге болады.

Тергеу барысында қаскүнемдер бейнебақылау камерасын бұзып, алаяқтық жолмен ұзақ уақыт араз болған қыздың үйіне кіргені белгілі болды. Олар жәбірленушіні жатын бөлмесіне сүйреп апарып, физикалық күш қолданып, шашын қайшымен кесіп тастаған.

Барлық процесті ұялы телефон камерасына түсіріп алған қаскүнемдер «видеоны таратамыз» деп қорқытып, оқиға орнынан бой тасалаған.

Тәртіп сақшылары видеодағыларды ұстады. Олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Тергеу жалғасып жатыр.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін таңдайды. K Research Central Asia* тәуелсіз зерттеуінің дерегіне сәйкес, сервисті онлайн-кинотеатрларға жазылған...