Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Ұлттық банк қазақстандықтарға ескерту жасады

Танымал

Ел аузында

Өзін инвестициялық қызметпен айналысатын компания деп таныстыратындар көбейген.

Ұлттық банк өзін инвестициялық қызметпен айналысатын компания ретінде таныстыратын алаяқ топтардың көбейгенін айтып ескерту жасады, деп хабарлайды Halyq Uni.

Ұлттық банктің хабарлауынша, мұндай топтар биржа саудасында тез ақша табудың қарапайым тәсілдерін сипаттайтын жарнамалық роликтерге толы сайттар мен мобильді қосымшаларды жасайды.

Алайда олар сипаттайтын қаржылық дамуға қатысты бағдарлама шын мәнінде жоқ, – делінген хабарламада.

Ұлттық Банк мұндай ресурстарда алаяқтық әрекеттердің айқын белгілері бар екенін хабарлады. Оның ішіне мынандай белгілері бар:

  • Ұлттық банк жеке тұлғалардың шотына қызмет көрсетпейді, ақшалай есеп айырысу мен мәмілелер жүргізбейді;
  • Ұлттық банк мемлекеттік қорлардан табыс табу үшін қандай да бір платформаларды әзірлеуге қатыспайды;
  • ресурстарда қысқа уақыт ішінде жоғары пайдаға жалған кепіл беретін ақпарат қамтылады, сондай-ақ байланыс дерегі жоқ;
  • алаяқтар бейресми нөмірлерден белсенді түрде қоңырау шалып, жалған құқық белгілейтін құжаттарды ұсынады;
  • іс жүзінде активтерді инвестициялық басқаруға лицензиясы бар ұйымдардың тізбесі Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің ресми сайтында жарияланған.

Кеңес алу үшін 1477 қысқа нөмірі бойынша Ұлттық банктің байланыс орталығына хабарласуға болады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...