Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

17 C
Nur-Sultan
23.6 C
Almaty
27.7 C
Shymkent

Жоғарғы соттың төрағасы қамауға алынды

Танымал

Ел аузында

Пара көлемі 3 миллион доллар.

Украинаның жемқорлықпен күрес қызметі Жоғарғы сот төрағасы Всеволод Князевті «пара алып жатқан сәтте» ұстаған. Бұл ақпаратты Украинаның жемқорлықпен күрес жөніндегі ұлттық бюросы (НАБУ) хабарлаған. Пара көлемі 3 миллион доллар деп көрсетілген.

НАБУ «Жоғарғы соттағы жаппай жемқорлықты, нақтырақ айтқанда, Украина Жоғарғы сотының басшылары мен судьялары пара алатын схеманы әшкерелегенін» мәлімдеген.

Украинаның «Фокус» басылымының хабарына қарағанда, 2021 жылғы 22 қазанда Всеволод Князев Украина Жоғарғы сотының төрағалығына сайланған. Сол жылы 1 желтоқсаннан бастап қызметіне кіріскен.

Биыл 1 наурызда Украинаның жемқорлыққа қарсы жоғарғы соты Днепр қаласының аудандық сотының судьясын 30 мың доллар пара алды деп танып, 10 жылға соттаған. Кейінгі кездері Украинада осыған ұқсас сот процестері жиілеген.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Верховный Суд подвел итоги работы судов республики за 1 полугодие 2025 года

Председатель ВС Асламбек Мергалиев провел расширенное совещание высшего судебного органа. В нем приняли участие помощник Президента по правовым вопросам...