Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

«Тұрғындар айлап сусыз қалуда»: Үкіметте тозығы жеткен құбырлар мәселесі талқыланды

Танымал

Ел аузында

Ақтөбе қаласындағы Қарғалы шағын ауданының тұрғындары суық су мен ыстық судың жиі тоқтап қалатынына шағым айтуда.

Сенбі, 20 мамыр күні Премьер-Министр Әлихан Смайылов Үйлестіру штабының отырысын өткізді. Онда елді мекендерді сумен қамтамасыз ету шаралары қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылдың соңына дейін халықты сапалы ауыз сумен 100% қамтамасыз ету жоспарланып отырғанын баяндады.

Бүгінгі таңда ауыз суға қолжетімділік қалаларда – 98,4%, ауылдарда – 94,5% құрап отыр. Ең аз қамту Абай, Ақмола және Жамбыл облыстарының қалаларында, сондай-ақ Ақмола, Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарының ауылдарында тіркелген.

Биыл сумен жабдықтау, су бұру жүйелерін салу және реконструкциялауға республикалық бюджеттен 402 жобаны іске асыруға 280 млрд теңге бөлінді. Жалпы, 2025 жылға дейін қалған 25 қала мен 1 395 ауылдың халқын таза ауыз сумен қамтамасыз ету қажет. Осыған байланысты республиканың әрбір елді мекенін қамтитын тиісті жоспар әзірленді. Оның ішінде іздестіру-барлау жұмыстарын жүргізу, жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу және құрылыс-монтаждау жұмыстарының барысына мониторинг жүргізіледі.

Топтық су құбырларын салу және реконструкция жұмыстарының барысы туралы Экология вице-министрі Нұркен Шәрбиев баяндады. Қостанай облысының әкімі Құмар Ақсақалов, Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды, Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өңірлерде атқарылып жатқан шараларға тоқталды.

Премьер-Министр мамыр айының басында Үкімет отырысында ауыз су жобалары бойынша «аяқталмаған құрылыстар» туралы айтылғанын еске салды. Оларды аяқтаймыз дегенше, қолданыстағы инфрақұрылымдар жарамсыз болып қалуда.

Ақтөбе қаласындағы Қарғалы шағын ауданының тұрғындары суық су мен ыстық судың жиі тоқтап қалатынына шағым айтуда. Ақмола облысының Егіндікөл ауданында әбден тозығы жеткен Нұра су өткізгіші жалғыз өзі 12 ауылды сумен қамтамасыз етіп отыр. Ондағы судың шығыны 70-80% жетеді. Бұл ауылдардың тұрғындары құбырлардың жиі жарылуынан айлар бойы сусыз қалады, — деді Әлихан Смайылов.

Ол сондай-ақ Алматы облысындағы Талғар ауданының Кіші Байсерке ауылында су құбыры толық қуатында жұмыс істемейтінін айтты.

«Бұлар биыл халықтан ресми түрде келіп түскен 9 мың шағымның бірнеше мысалы ғана», — деп атап өтті Премьер-Министр.

Ол мұндай кемшіліктер тек бүгін айтылған өңірлерге ғана емес, көптеген әкімдіктерге тән екенін айтты. Атап айтқанда, Абай, Жамбыл, Атырау, Алматы және Түркістан облыстарында жобалау құжаттары әзірленбеген.Сондай-ақ 154 ауылда су тазарту модульдерін орнату қажеттілігіне қарамастан, Алматы, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Түркістан облыстарының әкімдіктері бұл жұмыстарға қажетті қаражатты толық көлемде қарастырмаған.

«Cу мәселесінің үлкен әлеуметтік маңыздылығын ескере отырып, әрбір өңір, әсіресе ең төмен көрсеткіштері бар облыстар жұмысты жандандыруы керек. Индустрия министрлігі бақылауды барынша күшейтуі тиіс», — деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, жүргізіліп жатқан жұмыстағы тағы бір маңызды блок – су саласын цифрландыру.

«Сумен жабдықтаудағы өндірістік процестерді автоматтандыру суды тиімді тұтынуды қамтамасыз етеді. Бұл судың шығындарын және желілер мен жабдықтардың бұзылуын азайтып, қаржы үнемдеуге мүмкіндік береді. Осы бағыт шеңберінде биылғы жылдың соңына дейін «Су ресурстары» модулі бар Табиғи ресурстардың интерактивті картасы енгізілуі тиіс. Сондай-ақ барлық қондырғылар мен гидроқұрылыстар есептеу құралдарымен жабдықталуы керек», — деп атап өтті Үкімет басшысы.

Қорытындылай келе, Әлихан Смайылов ауыз су бойынша «сақалды құрылыстардың» барлығын тездетіп аяқтау мәселесін пысықтауды, өңірлер әкімдіктері келесі жылы су беру жоспарланып отырған 115 елді мекен бойынша жобалау құжаттарын осы жылдың соңына дейін аяқтауды қамтамасыз етуді, 22 ауылда іздестіру-барлау, сондай-ақ 20 қаланы сумен жабдықтау және су бұрудың өндірістік процестерін автоматтандыру бойынша жобалау құжаттарын дайындау жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...