Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
5.3 C
Shymkent

«Үкіметтің жайбасарлығы таңғалдырады». Мәжіліс депутаты киік популяциясын реттеуді талап етті

Танымал

Ел аузында

Мәжіліс депутаты Аян Зейнуллин Қазақстанда киік популяциясын реттеу керегін айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Депутаттың сөзінше, киік санының күрт көбейуі шаруашылыққа жайлы болып тұрған жоқ.

«Соңғы мәліміттерге сәйкес киік саны 2 миллионнан асқан. Оның 90 пайызы Қазақстанның батысында. Негізінде салалық министрліктің есебі бойынша киіктердін саны 750-770 мыңнан аспауы керек еді. Жайылымдық жердің өзін айтпағанда, шаруа қожалықтары маңдай терімен еккен егістіктерді киіктер тобы бір таптап өткенде-ақ миллиондаған қаржылары желге ұшады», – дейді депутат.

Аян Зейнуллиннің сөзінше, Қазақстанның солтүстігінде жылына 150 мыңдай гектар егін алқаптары бүлінеді, орта есеппен 1 гектардан 10 центнер өнім зая кетсе сол өңірдің шаруалары 14 млрд.теңге шығынға ұшырайды. Несие қайтара алмаған шаруалар банкрот болып жатыр.

«Бұндай жағдайда Үкіметтің жайбасарлығы таңғалдырады. Киіктен зардап шегіп отырған 6 облыстын шаруалары қауқарсыз болып отыр. Тапталған егістіктің өтеуі жоқ. Бұған менің еш қатысым жоқ деп, тек сырттан ғана қарап қалай отыра аламыз?

Сонымен қатар түрлі себептермен өліп жатқан киіктер де көп кездесіп жатыр. Ен далада қараусыз тегін жатқан дүниеге ауыл жұртынын қызығушылы артатыны заңдылық. Кәдеге жаратпаса да қабырғаны безендірермін деген оймен өліп жатқан киік мүйізін кесіп алғандар сотталып жатыр, онын ішінде білместік жасаған жасөспірімдер де бар. Бұл жерде заң бұзушыларды жақтап жатқанымыз жоқ. Мәселені осындай деңгейге дейін жеткізбеу керек», – дейді Зейнуллин. 

Депутаттың айтуынша, сондай-ақ, өліп жатқан киіктер түрлі ауру ошағына айналады. Шаруалардың малы сол жерде жайылатындықтан оларға ауру жұғып, эпизоотиялық ахуал ушығады.

«Қазақстанға киік мәселесімен қаншама шет елдік эксперттер келгенімен ешқандай нақты қадам жоқ. Қорыта келе айтарымыз: Қазақстанның ең бірінші байлығы – халқы! Осы ретте дәл қазір киікті қорғаймыз ба, әлде киіктен адамды қорғаймыз ба? Тез арада киік популяциясын реттеп, мүмкін оны өндірістік жолға қойып, мүйізін, етін, терісін дұрыс пайдаланып, кәдеге жаратқан дұрыс шығар? Егер, Үкімет киік қарғысынан қорқатын болса, шаруалардың шығынын толық өтеп беру механизмін енгізу керек. Бұл мәселеде нақты шешім керек», – деді Мәжіліс депутаты.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...