Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
8 C
Almaty
14.3 C
Shymkent

Қонаев қаласының дәрігерлері науқастың өмірін сақтап қалды

Танымал

Ел аузында

Ақ халаттылар басынан ауыр жарақат алған, қажетті шұғыл тексеруден кейін, жансақтау бөлімшесіне жатқызылған облыс орталығы тұрғынының өмірі үшін бірнеше күн күресті. Бар күш-жігері мен тәжірибесінің нәтижесінде дәрігерлер науқасты аман алып қалды. Бүгін де ол үйіне оралуға дайын.
-Екі аптадан астам уақыт бұрын Қонаев қаласының тұрғыны травматикалық субарахноидальды қан кетумен медициналық мекеменің жансақтау бөлімшесіне түсті. Оған дәрігерлер қысқа уақыт ішінде компъютерлік томография арқылы зерттеу жүргізді. Бұл диагнозды медициналық жабдықтың жоғары сезімталдығына байланысты тез анықтауға мүмкін болды, – деді дәрігер-реаниматолог Қанат Рахимов.
Бүгін науқас және оның туыстары алған әсерлерімен бөлісіп қана қоймай, күн сайын жансақтау бөлімшесінің жұмысын жеке қадағалауға алған емдеу мекемесінің директоры Ракишева Айман Галимжанқызына алғыстарын жаудыртты. Сондай-ақ, дәрігер-реаниматолог Қанат Исабекұлы Рахимовқа жылы лебіздерін жеткізді: «Туысымызды емдеу кезінде жансақтау бөлімшесінде дәрігерлердің жұмысы қандай ауыр болатынын түсіндік. Баршаңызға, әсіресе, бауырымыздың аман қалуы үшін ерекше «тер төккен» дәрігер-реаниматолог Қанат Исабекұлына алғысымыз шексіз!».

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...