Адамдарға шабуыл жасаған аюдың видеосы қайда түсірілгені белгілі болды (ВИДЕО)

Танымал

Ел аузында

Қоңыр аю қойшының үйіне кіріп, жылқыға шабуыл жасаған, шопан полиция қызметкерлерін көмекке шақырған.

Қырғызстан мен Қазақстандағы әлеуметтік желіде аюдың адамдарды қуып бара жатқан видеосы тарады. Кадрлар қай жерде түсірілгені белгілі болды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Басылым мәліметінше, видеоға мұқият қарағанда, екі ер адамның – полиция мен өрт сөндіру/ТЖМ қызметкерлерінің формалары Қырғызстан немесе Қазақстан аумағындағыларға ұқсамайтынын байқауға болады.

Тексеру нәтижесінде оқиға Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында болғаны анықталды, видео Қытай пабликтерінде 27 мамырда пайда болған. Қоңыр аю қойшының үйіне кіріп, жылқыға шабуыл жасаған, шопан полиция қызметкерлерін көмекке шақырған. Жабайы аңды қуып жіберген, адамдардың ешқайсы зардап шекпегені айтылған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Тазабек Сәмбетбай: Конституцияның жаңа жобасы: білімді ұрпақ қалыптастырудың жаңа мүмкіндіктері

(Білім мен ғылым – жаңа Ата заңдағы басты басымдық) Елімізде ұсынылып отырған жаңа Конституция жобасы қоғамның түрлі саласына тың өзгерістер әкелуді көздейді....