Көктемнің соңғы күндерінде ауа райы қандай болады

Танымал

Ел аузында

29-31 мамыр аралығында республиканың басым бөлігінің ауа райын атмосфералық фронтальді бөлімдер айқындайтын болады.

«Қазгидромет» РМК алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Ruhy.

Синоптиктер болжамынша, 29-31 мамыр аралығында республиканың басым бөлігінің ауа райын атмосфералық фронтальді бөлімдер айқындайтын болады.

«Өткінші жаңбыр, найзағай болып, еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және шығысында бұршақ жаууы мүмкін. 30 мамырда Шығыс Қазақстанда, 1 маусымда Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында жаңбыр жауады», – делінген хабарламада.

Тек антициклон жотасымен Қызылорда және Ұлытау облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Сондай-ақ республика бойынша жел күшейіп, республиканың оңтүстік-батысында және оңтүстігінде шаңды дауыл соғады.

«Қазақстан бойынша күндіз температуралық фон: батыста және солтүстік-батыста – 28-36 градус ыстық болса, солтүстікте, оңтүстік-шығыста және орталықта 25-35 градус, оңтүстікте 32-37 градус, шығыста 20-28 градусқа дейін жоғарылайды», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ТҮРКІСТАН ПОЛИЦИЯСЫНДА ЗАҢДЫЛЫҚ ПЕН АДАЛДЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ

Түркістан облысы Полиция департаментінде қызметтік тәртіпті нығайту, заңдылықты сақтау және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында профилактикалық жиын өтті. Департамент бастығының...