Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

10 C
Nur-Sultan
14 C
Almaty
27.3 C
Shymkent

Қазақстандықтарға балалардың пойызда қанша жасқа дейін тегін жүре алатыны айтылды

Танымал

Ел аузында

Жаз басталысымен көптеген отбасы алыс, жақын саяхатқа шығады, мысалы тойға, туыстарына қонаққа, демалысқа. «Жолаушылар тасымалы» АҚ балалар үшін пойызға билет алу тәртібін түсіндірді, – деп хабарлайды Tengritravel.kz тілшісі «Қазақстан темір жолы» ҰК»АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Балалардың пойызда жүруі

7 жасқа жетпеген балалар үшін пойызға міну ақысы тегін, алайда оған бөлек орын қарастырылмайды.

«Өзіне бөлек орын беру үшін балалар билетін алу қажет. Егер 7 жасқа дейінгі балалар саны екі немесе одан көп болса да балаларға арналған билет алу қажет болады. 7-15 жас аралығындағы балалар билетіне ересектер билеті құнының 50 пайызы көлемінде жеңілдіктер бар. 15 жастан жоғары балаларға ересек адамдармен бірдей бағада билет алынады», – деді компания өкілдері.

Балалар билетін алу үшін қандай құжаттар қажет?

Балаға билет алу үшін жеке басын куәландыратын құжат – баланың туу туралы куәлігі немесе паспорты керек болады.

«Баланың туу туралы куәлігі немесе оның нотариалды куәландырылған көшірмесі билетпен бірге жолсерікке пойызға мінер алдында беріледі», – делінген компания хабарламасында.

Баланың жалғыз өзін пойызбен қалай жіберуге болады?

15 жасқа дейінгі балалар тек ересектермен бірге ғана пойызға отыра алады.

«Егер бала пойызда оның заңды өкілі болып табылмайтын адаммен бірге баратын болса, онда сол адамның баланы ертіп жүруіне рұқсат етілгені нотариалды куәландырылған сенімхат керек болады. 15 жастан асқан балалар пойызда өзінің ата-анасы, яғни заңды өкілінің атынан оның жалғыз жүруіне рұқсат етілгені нотариалды куәландырылған сенімхат болған жағдайда өзі саяхатқа шыға алады. Ал жолаушылар пойызына отырғызғанда немесе жолда баланың қасында заңды өкілі бірге болған жағдайда сенімхат көрсету талап етілмейді», – деп түсіндірді темір жол саласының мамандары.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Яндекс Іздеу бүкіл әлемнің түрлі нүктесіндегі контентті қазақ тілінде қолжетімді етеді

Яндекс Іздеу қазақ тіліне нейрожелілік аудармасы бар ағылшын және орыс тілді мақалаларды көрсете бастады. Ұлттық тілдегі пайдалы материалдардың саны...