Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
2 C
Almaty
-2.7 C
Shymkent

Түркістан облысының полицейлері синтетикалық есірткінің зияны туралы жиналыс өткізді

Танымал

Ел аузында

Түркістан облысы ПД Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қоғамдық даму басқармасының өкілдерімен бірлесіп нашақорлықтың таралуын болдырмау, оның зиянын түсіндіру, сондай-ақ есірткіні тұтынудың салдары туралы халықты хабардар ету мақсатында іс-шара өткізді.
Полицейлер Қазақстан Ассамблеясы жанындағы Түркістан облыстық аналар мен әкелер алқасының мүшелері қатысқан жиын барысында, есірткі оның ішінде «синтетикалық» заттарды қолданудың теріс салдары, есірткінің заңсыз айналымына байланысты құқық бұзушылықтар жасағаны үшін жауапкершілік қарастырылғаны ескертті.
Тәртіп сақшылары атап өткендей, аталмыш аналар мен әкелер кеңесінің мүшелері облыстың барлық аудандарындағы ата-аналар жиналысына қатысып отырады. Яғни кеңес мүшелері бұл жиналыстарда оқушылар мен ата-аналарға есірткіні қолданудың зияны мен жауапкершілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуге көмек көрсетеді.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы облысының Алатау қаласының ХҚКО да электронды кезек талондарын алдын ала брондау пилоттық жобасы енгізілді

Алматы облысы бойынша Алатау қаласының Халыққа қызмет көрсету орталығында азаматтарға көрсетілетін қызмет сапасын арттыру мақсатында 2025 жылдың 5 —...