Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

20.4 C
Nur-Sultan
37.3 C
Almaty
40.9 C
Shymkent

Алматылық дәрігерлер жүкті әйелге ота жасап, жатырдағы шарананы аман алып қалды

Танымал

Ел аузында

Оңтүстік астанадағы Орталық қалалық клиникалық аурухана дәрігерлері жүктіліктің 20-аптасында әйелдің жатыр түтікшесіндегі үлкен кистаны алып тастады. Ота міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы жасалды.
Клиника баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 жастағы пациент ауруханаға «аналық безі кистасы» деген диагнозбен түскен. Соңғы кезде ісік қатты үлкейген, диаметрі 35 сантиметрге жетіп, көлемі 9 айлық жүктілікпен теңескен.
Гинекология бөлімшесі меңгерушісі Алмат Қоңырқұлжиновтың айтуынша, дәрігерлер мұндай үлкен кистаны бұрын-соңды кездестірмеген.
Тәжірибелі хирург мамандар ісік көлемі үлкен болғандықтан лапаротомиялық операция жасау туралы шешім қабылдады. Ота кезінде кистадан 10 литрге жуық сұйықтық алынған.
Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде жасалған операция сәтті өтті. Дәрігерлер әйелдің репродуктивтік органдарын ғана емес, іштегі нәрестені де сақтап қалды. Қазір олардың өміріне төнген қауіп толығымен сейілді, дейді дәрігер.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Егіз қыздардың ерекше оқиғасы: IQanat кәсіпкері олардың жұбы жазылмауына қалай көмектесті

Айым және Гүлім Орынбасар – Түркістан облысының Қазығұрт ауылында туған егіз қыздар. Олардың екеуі де ауыл балаларына тегін білім...