Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-0 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
16.3 C
Shymkent

Ермек Көшербаев ШҚО әкімі болып тағайындалды

Танымал

Ел аузында

Ермек Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ермек Беделбайұлы Көшербаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылсын», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ермек Беделбайұлы Көшербаев 1965 жылы Алматыда туған.

Ол Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін, КСРО Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген.

Еңбек жолын:

1988 жылы Қазақ КСР Сыртқы істер министрлігінде аға инспектор болып бастаған.
1989-1994 жылдар аралығында аталған министрлікте әртүрлі лауазымдарда еңбек еткен.
1994–1996 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының Халықаралық бөлімінің консультанты, Президенттің Протоколдық қызметінің басшысы болған.
1996–1997 жылдары Қазақстан Республикасының Швейцария конфедерациясындағы елшілігінің бірінші хатшысы, Сыртық істер министрлігі Көпжақты ынтымақтастық департаментінің бөлім бастығы лауазымдарын атқарған.
1997–1999 жылдары Қазақстан Республикасы премьер-министрінің көмекшісі болған.
2000–2010 жылдары коммерциялық құрылымдарда басшылық қызметтерде жұмыс істеген.
2010–2014 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, бірінші орынбасары болған.
2014-2018 жылдары Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары, Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы лауазымдарында қызмет еткен.
2018–2020 жылдар аралығында Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы, сыртқы істер министрінің орынбасары лауазымдарын атқарған.
2020 жылғы қаңтардан бастап Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі.
«Ерен еңбегі үшін» медалімен, «Құрмет» орденімен марапатталған. Төтенше және өкілетті елші дипломатиялық дәрежесі бар.

Еске салайық, бұған дейін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов болған. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошли семинары для студентов по вопросам безопасности

В рамках программы повышения осведомленности и подготовки к противодействию экстремизма, в ВУЗах города Алматы прошли гостевые семинары, посвященные актуальным...