Алғаш рет Қарасай клиникалық көпсалалы орталық аудандық ауруханасында артроскопиялық менискэктомия отасы жасалды. Бұл әдіс минималды жарақат дәрежесі бар инвазивті хирургия болып табылады. Бұл тізенің қозғалғыштығын жақсартуға, сондай-ақ басқа тәсілдермен мүмкін болмаған жағдайда дәл диагноз қоюға мүмкіндік береді.
Бұған дейін аталған жедел араласулар қалалық медициналық мекемелерде жүргізілген, енді артроскопиялық менискэктомия Қарасай ауданының азаматтарына қолжетімді.
«1970 жылы туған әйел бізге тізе буынындағы ауырсыну туралы шағымдармен келді. Оның айтуынша, алты ай бұрын ол сәтсіз құлап, жарақат алған. Нәтижесінде ол аяғын жерге баса алмай қалған. Біз тізе буынының рентгенографиясы және магнитті-резонанстық томографиясын (МРТ) жасау арқылы анықтадық.
Диагноз қойылғаннан кейін науқасқа эндоскопиялық кешенді қолдану арқылы хирургиялық аз инвазивті араласу ұсынылды», – дейді Қарасай КМЦРБ ортопедия бөлімінің меңгерушісі Жамбыл Қыдыралиев.
Айта кетейік, ота сәтті жасалып, науқас толыққанды белсенді өмірге орала алады.