СІМ Назарбаев пен Лукашенконың телефон арқылы сөйлесуіне қатысты пікір білдірді

Танымал

Ел аузында

Сыртқы істер министрлігі Нұрсұлтан Назарбаев пен Беларусь президенті Александр Лукашенконың телефон арқылы сөйлесуіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

«Беларусь Президенті мен Тұңғыш президент көптен бергі серіктес. Бұл ретте, өздеріңіз білетіндей, сыртқы саясатты, оның ішінде шет мемлекеттермен қарым-қатынасты айқындау Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құзыреті. Сондықтан Қазақстан-Беларусь қатынастары тек қазіргі президенттер арасында талқылануы мүмкін», – деп жауап берді СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров.

Еске салайық, жексенбіде Беларусь президентінің баспасөз қызметінің ресми Telegram-арнасында Александр Лукашенко Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевпен телефон арқылы сөйлескені жайлы хабарлама тараған болатын. Баспасөз қызметтің мәліметінше, әңгіме барысында халықаралық жағдай, аймақтағы жағдай және Беларусь-Қазақстан қатынастары талқыланған. 

Лукашенко Назарбаевпен ресейлік әріптесі Владимир Путинмен хабарласқаннан кейін сөйлескен.  

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Цифрлық трансформация жағдайындағы архивші-құжаттанушы: жаңа буын мамандар қалай даярланып жатыр?

Бүгінде архив - тек өткеннің қоймасы емес. Ол - ұлттың жады, ғылыми ізденістің негізі және цифрлық дәуірдегі стратегиялық ресурс. Ақпараттық технологиялар...