Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-10 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
-1.7 C
Shymkent

Елорда күніне орай отшашу бола ма? Әкімдік жауап берді

Танымал

Ел аузында

Астана әкімдігі Елорда күніне орай отшашу болмайтынын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Елорда әкімдігінің мәліметінше, биыл Астанада қала күні мерекесінде отшашу болмайды. Бұл ретте басқа да мерекелік шараларды өткізу жоспарланып отыр. Олардың басым бөлігі елорда тұрғындары мен қонақтары үшін тегін болады.

«Биыл қала күні отшашу болмайды. Дегенмен, қаланың 25 жылдығына орай 100-ден астам іс-шара өткізу жоспарланып отыр. Оның 90-ға жуығы елорданың барлық тұрғындары мен қонақтары үшін тегін», – деді астана әкімдігі.

Сонымен қатар, мереке күндері бірқатар әлеуметтік нысандар да ашылады, соның ішінде оқушылар сарайы, дене шынықтыру-сауықтыру кешені, аулалар, қоғамдық орындар және үлескерлерге пәтер кілттері табысталады.

Еске салайық, биыл Қазақстан халқы елорда күнінде ұзақ демалатын болды. 2023 жылғы 1 шілде сенбі күні болуына байланысты 2023 жылғы 7 шілде жұмаға ауыстырылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легі аяқталды: медиакеңістікке жаңа буын сарапшылары шықты

Алматыда Qazaq Expert Club алғашқы легінің қорытынды Networking іс-шарасы өтті. Бұл — сарапшыларды кәсіби коммуникация мен медиамен жұмыс істеуге...