Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Сенат және Мәжіліс депутаттары каникулға кетті

Танымал

Ел аузында

Қазақстан Парламенті палаталардың бірлескен отырысында VIIІ шақырылымдағы Парламенттің бірінші сессиясы аяқталғаны туралы хабарлады. Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов депутаттар каникулы басталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Палаталардың бірлескен отырысында Мәжіліс спикері Парламентке өткен барлық партия депутаттары белсенді жұмыс істегенін атап өтті.

«Бірінші сессия небәрі 100 күнге созылды. Қысқа болғанымен, атқарылған міндеттер бойынша бұл сессияның жұмысы өте маңызды әрі мазмұнды болды. Сессияның ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев қызметіміздің негізгі бағыттарын айқындап берді. Олар іс жүзінде жүзеге асырылып, Парламентте қаралған заң жобаларының негізіне айналды. Бұл сессия барысында Палаталардың 3 бірлескен отырысы болды. Сенаттың 12 және Мәжілістің 15 жалпы отырысы өтті», – деді ол.

Сондай-ақ, Ерлан Қошанов Парламенттің қарауында 82 заң жобасы болғанын, соның ішінде 25 заң қабылданып, 13 заңға Президент қол қойғанын атап өтті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...