1 шілде мен 3 шілде аралығындағы ауа райы болжамы

Танымал

Ел аузында

Қазгидромет Қазақстандағы 1 шілде мен 3 шілде аралығындағы ауа райы болжамын жариялады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Атмосфералық фронтал бөліктердің ықпалынан Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, найзағай, екпінді жел, бұршақ жаууы мүмкін. 1 және 2 шілдеде ғана Қазақстанның солтүстігі мен орталығында, ал 2 және 3 шілдеде Қазақстанның шығысында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

3 шілдеден бастап еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.

1 және 2 шілдеде батыста, 2 және 3 шілдеде солтүстік-батыста, 1 шілдеде еліміздің шығысында жаңбыр жауады деп күтіледі.

Ауа температурасы күндіз батыста +27+35, солтүстік-батыста +22+32, солтүстікте, республика орталығында +30+35, шығыста +25+33, оңтүстік-шығыста +32+37 дейін, оңтүстікте негізгі фон +32+40 градусқа дейін көтеріледі деп болжанған.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Психикалық денсаулық саласы: жаңа мүмкіндіктер мен заманауи тәсілдер

Алматы облыстық психикалық денсаулық орталығының директоры Алимбек Тәжеков өңірдегі қызметтің дамуы мен болашақ жоспарлар туралы әңгімелейді. — Әлімбек Мұхтарұлы, өзіңіз...