Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

31.2 C
Nur-Sultan
32.3 C
Almaty
39.5 C
Shymkent

Жамбылдық балуан 2023 жылғы «Қазақстан Барысы» атанды

Танымал

Ел аузында

Қазақ күресінен 2023 жылғы «Қазақстан Барысы» турнирі аяқталды. Кіл мықты балуандар бәсекесінде жамбылдық балуан Ғалымжан Қырықбай жеңімпаз атанды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Биылғы балуандар бәсекесінде 41 үміткер бақ сынады. Ал финалға маңғыстаулық Нұрләулет Жарылғапов пен жамбылдық Ғалымжан Қырықбай сүрінбей жетті. Қос балуанның белдесуі тартысты өтіп, қоян-қолтық айқаста екіншісінің мерейі үстем болды.

Ғалымжан Қырықбай бұған дейін «Қазақстан Барысында» күміс те, қола да жүлдегер болған. Биылғы бәсекеде алтын тайтұяқ пен 25 миллион теңгені иеленді. Ал «Қара бура» Нұрдәулет Жарылғапов екінші рет жарыстың күміс жүлдегері атанды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

50 мыңнан – үздік мыңдыққа: Алматыда IQanat финалы басталды

Алматыда ауыл оқушыларының ауқымды білім беру сайысы – IQanat Олимпиадасының финалы басталды. Оның іріктеу кезеңдері бүкіл ел бойынша бір...