Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-0.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Дефляция: азық-түлік бағасы бір жарым жылда алғаш рет төмендей бастады

Танымал

Ел аузында

Әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасы апталық мәнде бір жарым жылда алғаш рет төмендеді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ұлттық статистика бюросының деректеріне сілтеме жасап.

«Кейінгі бір жарым жылда алғаш рет әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы апталық мәнде 0,1 пайызға төмендеді. Жылдық есеппен есептегенде, ЖҚТБ баға индексі 109,1 пайыз болды», – деп түсіндірді бюро.

Қаржы сарапшысы Андрей Чеботарев осыған қатысты бұл күтілген дефляция екенін айтты.

«Алты айда біз долларға қатысты 3 пайызға, ал рубльге қатысты бірден 19 пайызға өстік», – деді ол Telegram-арнасында.

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының тізбесіне 19 атау кіреді. Баға мониторингі апта сайын жүргізіледі. Бағаның өзгеруі туралы ақпаратты жинау барлық облыс орталықтарында, республикалық маңызы бар қалаларда және Астанада жүзеге асырылады. Ол үшін елді мекеннің әртүрлі бөліктерінде орналасқан тауарлардың кең ассортименті бар әртүрлі типтегі сауда объектілері (гипермаркеттер, супермаркеттер, дүкендер, коммуналдық базарлар, әлеуметтік дүкендер мен павильондар) таңдалады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...