Қазақстан халқының саны белгілі болды

Танымал

Ел аузында

Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы халық саны туралы нақтыланған мәліметтерді ұсынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Tengri Life сайтына сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 2023 жылдың 1 маусымындағы санақ бойынша ел халқының саны 19 миллион 766 мың 807 адам болды.

Елімізде қала халқына жататын азаматтар екі есе дерлік көп – 12 209 896 адам, ауыл тұрғындарының саны 7 556 911. 2023 жылдың 1 қаңтарымен салыстырғанда халық саны 112 196 адамға өсті.

Еліміздегі тұрғындар ең көп қоныстанған өңір – Алматы қаласы. Халық саны бойынша мұнда 2 161 902 адам тұрады. Одан кейінгі орында Түркістан облысы – 2 119 226 адам, үшінші орында Алматы облысы – 1 505 896 адам.

Астана халық саны бойынша төртінші орында – 1 354 556 адам, Жамбыл облысы бесінші орында – 1 218 158 адам.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

КЕМЕЛ ТОҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ДЕТЕКТИВ ШЫҒАРМАЛАР БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін, Абай облысында қазақ детективінің үздік шығармалары анықталып, 15 жүлдегер марапатталады. Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив шығармалар байқауы биыл...