Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-13 C
Nur-Sultan
-3.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімге қайтып келді

Танымал

Ел аузында

Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы әскери бөлімге қайтып келді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бұл туралы Қорғаныс министрлігіндегілер мәлімдеді.

«2023 жылғы 3 шілдеде ішкі істер органдарының қызметкерлері және әскери полицияның әскери қызметшілерімен ұйымдастырылған бірлескен жедел-іздестіру іс-шаралары барысында әскери бөлімді өз еркімен тастап кеткен мерзімді қызметтегі қатардағы жауынгер Б. орналасқан жері анықталды. Әскери қызметші қызмет атқаратын орнына жеткізілді. Аталған факт бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатыр», – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін заңгер Анна Чернова Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат әскери бөлімнен қашып кеткенін хабарлаған болатын.

«Біздің ісіміз бойынша: Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы Нұрасыл Болат әскери бөлімнен қашып кеткен, онда оған бұлтартпау шарасы таңдалған, ол бөлім бастығының бақылауында болған.

Оны кешеден бері таба алмай жатыр. BMW-мен кеткен. Оны көргендер болса, ол тергеуде екенін айта салыңыздаршы», – дейді заңгер.

Еске салайық, бұған дейін Алматыда әскери қызметкер белгілі адвокатты соққыға жыққаны хабарланған болатын. Бұл оқиға 11 ақпанға қараған түні Алматының сауда орталықтарының бірінің маңындағы паркингте болған. Іс қоғамдық дау тудырды.

Бұл оқиға туралы адвокат Олег Черновтың әйелі Анна Димитриевич Facebook-парақшасында жазған. Олар таксиге отыра бергенде бір жігіт жүгіріп келіп, соққыға жығылған қызға көмектесуін сұраған.

Алматы ПД бұл дерек ҚР Қылмыстық кодекстің 293-бабы «Бұзақылық» бойынша соталды тергеудің бірыңғай тізіліміне тіркелгенін хабарлады.

Ал кейін адвокатты соққыға жыққан әскери қызметкер грек-рим күресінен қазақстандық және бұрынғы Кеңес Одағының палуаны Дәулет Тұрлыхановтың ұлы болып шықты. Бұл ақпаратты Тұрлыхановтың өзі растаған болатын. Ол ұлына қатысты дауға көзқарасын білдіріп, кешірім сұрады.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Мас халде көлік басқарған жүргізушіге сот үкімі шықты

Түркістан облысы ПД Патрульдік полиция батальонының қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу мақсатында түрлі іс-шараларды іске асырады. Мәселен, полиция күнделікті қызмет...