Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-11 C
Nur-Sultan
3 C
Almaty
9.3 C
Shymkent

Премьер-министр ҚМГ төрағасы орынбасарының есебін сынға алды

Танымал

Ел аузында

Премьер-министр Әлихан Смайылов «ҚазМұнайГаз» ҰҚ АҚ басқарма төрағасының орынбасары Хасан Дәулетжановтың есебін сынға алды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Үкімет отырысында Хасан Дәулетжанов Атырау мұнай өңдеу зауыты мен АМӨЗ-дегі апаттардан кейінгі жағдай туралы баяндаманы оқып отырып, мұнай өңдеу зауыттарында жұмыс тоқтатылғанын атап өтті.

«Сіз өз баяндамаңызда бірқатар мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы тоқтатылғанын, олардың кейбіреулері жұмысын қалпына келтіріп қойғанын айттыңыз. Сіздің ақпаратыңыз ескірген», – деді Смайылов.

Сонымен қатар, премьер-министр жанар-жағармай тапшылығы болмайтынын айтты.

«Ешқандай да жанар-жағармай тапшылығы болмайтынын баса атап өткім келеді. Қолда бар отын қоры бүкіл республикаға жетеді. Барлық мұнай өңдеу зауытын тоқтату туралы алып-қашпа әңгімелер шындыққа жанаспайды. Жағдай басты назарда», — деді Әлихан Смайылов.

Сонымен қатар, премьер-министр тиісті министрліктерге тапсырма берді:

Маңғыстау облысының әкімдігіне энергетикалық комбинаттың қолданыстағы жабдықтарын іске қосу және жаңғырту бойынша шаралар қабылдауды,

Энергетика министрлігіне «KEGOC» компаниясымен бірлесіп, Батыс энергетикалық торабының қалыпты жұмысын қамтамасыз етуді,

Энергетика министрлігіне ІІМ және БҚА-мен бірге алып-сату және жанар-жағармайдың жасанды тапшылығын туғызу фактілеріне тосқауыл қоюды тапсырды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...