Тоқаев мегаполистердің табысты болуының басты көрсеткішін атады

Танымал

Ел аузында

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мегаполистердің табысты болуының негізгі көрсеткішін атады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Алайда үлкен көрсеткіштер қаланың үйлесімді дамуымен үнемі сәйкес келе бермейді. Менің ойымша, мегаполистердің табысты болуының басты көрсеткіші оның тұрғындарының тұрмыс сапасымен өлшенуге тиіс. Сондықтан елорданы дамыту және абаттандыру кезінде біз «адам қала үшін емес, қала адам үшін» қағидатын басшылыққа аламыз. Адамға бағдарланған мұндай ұстаным мүлде басқа стратегиялық мақсатты көздейді.

Қала әкімдігі, ең алдымен, тұрғындардың мүддесі мен қажетін басшылыққа алады. Астананың барша тұрғыны мен қонақтары үшін қалада барынша қолайлы орта қалыптастыру – аса маңызды мәселе. Біз бәріне тең мүмкіндік берілетін қоғам құру жолын таңдадық және осы бағытта дамып келеміз. Сондықтан өзара жауапкершілік пен азаматтық ынтымақтастыққа негізделген инклюзивті дамуға айрықша мән береміз», – Президент.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Асылбек Ізбаировтың «Зайырлы мемлекет, постсекулярлы қоғам және қазақ Әдебі» атты кітабы таныстырылды

Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында тарих ғылымдарының докторы, «Нұр-Мүбарак» университетінің профессоры, Геосаяси зерттеулер институтының директоры Асылбек Ізбаировтың...