Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Алматыда аптап қашан басылады? Синоптиктер болжамы

Танымал

Ел аузында

Синоптиктер Алматыда аптап қашан басылатынын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» мәліметінше, алдағы тәуліктерде республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында антициклон ықпалы жауын-шашынсыз ауа райын сақтайды.

«Бүкіл кезеңде шығыста, 13 шілдеде оңтүстікте, 13-14 шілдеде Қазақстанның солтүстік-шығысында, оңтүстік-шығысында және орталығында аптап 45 градусқа дейін сақталады. Республика аумағында төтенше өрт қаупі сақталады. Күндізгі ауа температурасы оңтүстікте және оңтүстікте–шығыста +30…+37 градусқа дейін ыстық болады», – деді синоптиктер.

Алматыда 10-20 шілде аралығында жауын-шашын күтілмейтіні, аптап сақталатыны айтылды.

«Алматыда осы аптаның аяғына дейін аптап болады. Сондай-ақ, 10-20 шілде аралығында облыста ауа температурасының ауытқуы болжанады:

  • түнде +17…+22 градустан +12…+17 градусқа дейін;
  • күндіз +35…+40 градустан +30…+35 градусқа дейін.

Ал таулы аймақтарда:

  • түнде +12 градустан +7 градусқа дейін;
  • күндіз +28 градустан +25 градусқа дейін», – дейді мамандар.

Қазгидромет 20-30 шілде аралығында ауа температурасының төмендеуі күтілетінін атап өтті:

  • түнде +10…+15 градусқа дейін;
  • күндіз +27…+35 градусқа дейін.

«Одан кейін ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде:

  • түнде +18…+23 градусқа дейін;
  • күндіз +35 … +40 градусқа дейін.

Шілденің аяғында ауа температурасы төмендейді деп күтіледі:

  • түнде +12…+17 градусқа дейін;
  • күндіз + 25 … + 30 градусқа дейін.

Ал таулы аймақтарда:

  • түнде +5 градусқа дейін;
    күндіз +20 градусқа дейін жетеді», – деп қосты синоптиктер.

Олар шілде ішінде жауын-шашын мөлшері нормаға жақын болатынын атап өтті.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы прошел финальный этап конкурса молодых дизайнеров

В Алматы прошел финальный этап конкурса молодых дизайнеров, организованного в рамках молодежного проекта «Activity Boom». Конкурс стал значимым событием,...