Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21.1 C
Nur-Sultan
27.8 C
Almaty
30.6 C
Shymkent

«Көлгіновтен көл қалды». Астанада су басқан көшелерде автобустар «жүзіп жүр»

Танымал

Ел аузында

Депутат Дәулет Мұқаев Астана көшелеріндегі жаңбыр жауғаннан кейінгі көріністің видеосын жариялады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Кадрлардан су басқан көшелерде автобустар «жүзіп бара жатқаны» көрінеді.

«Бірнеше әкім ауысса да, Астананың су-кәріз жүйесі ретке келер емес. Тіпті Нұрсұлтан Назарбаев Президент болғанда осы мәселені бірнеше рет көтерген еді. Көлгіновтен көл қалды, қазіргі әкімнен не қалар екен?» – деп жазды депутат.

Әлеуметтік желі қолданушылары да көшелердегі мұндай көрініс бұрыннан бар екенін айтқан.

«Астанам-ай. Өкінішті-ақ. Қайтейін», «Сорлылар-ай шетел боламыз деп суағар қалдырмаған», «Астана – бас қала. Масқара. Бюджеттен ақша бөлінбей жатқан жоқ емес, бөлінеді. Бірақ жегіштер жеп қояды ғой жеткізбей», «Құдай-ай қайда кетіп барамыз, неге осыны қолға алмайды?», «Астанада үнемі осы еді ғой. Бір жауын жауса, бітті. Жерге сіңбейді», «Автобус суға батып, жүзіп кетіп барады», – дейді Желідегілер.

Астана қаласы әкімдігі мәліметінше, жауын-шашынға байланысты қала бойынша 100-ден аса техника (ассенизатор машиналар мен мотопомпалар) жұмылдырылған.

«Elorda eco system мекемесі жерүсті суларын бұруды қамтамасыз ету мақсатында тұрақты негізде тиісті шаралар жүргізіп жатыр: коллекторлар мен жаңбыр қабылдағыштарды тазарту, құбырларды буландыру, су шығару. Сондай-ақ, нөсер кәріз жүйелері мен тазартуға арналған құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр», – делінген әкімдік хабарламасында.

Сондай-ақ, қалада биыл жерүсті суларын бұру үшін 2,5 шақырым магистраль нөсер кәріз желілерін салу жоспарланып отырғаны айтылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасы және Жетісу ауданы әкімдігінің қолдауымен, «Human Resources Kazkhstan» жеке мекемесінің ұйымдастыруымен

2025 жылғы 1 маусым – Халықаралық Балаларды қорғау күніне орай «Jetisu Fest» «Jetisu Fest» атты ауқымды мерекелік іс-шара өткізілді. Шара...