Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-8 C
Nur-Sultan
-5.1 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Халық шағымына уақытылы құлақ түру парыз

Танымал

Ел аузында

Халықтың талап арызына, шағымына уақытылы, дер кезінде құлақ түрудің маңызы зор! Өйткені шағымының естір құлаққа жетпегенін көрген, әділдіктің салтанат құрмағанынан көңілі қалған халықтың соттан да, құқық қорғау орындарынан да тіпті мемлекеттен де көңілі қалады. Сенімі қашады. Арызданып үнін жеткізе алмағандардың көңілінде «елімізде адам құқығы аяқ асты қалып жатады» деген түсінігі қалыптасады. Сондықтан жазылған арыз, шағымға дер кезінде үн қату еліміздің басты ұстанымы болуы керек. 

Осы орайда атап өтсек, әділетті, халық үніне құлақ асатын, «Еститін мемлекет» құрудың алғышарттарының бірі және бірегейі – әділ әрі сапалы шешім қабылдайтын, халық үніне дер кезінде құлақ түретін, сот жүйесін қалыптастыру екені белгілі. Бүгінгі күні осы бағытта көптеген жұмыстар атқарылып, елімізде азаматтардың құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету әрекеттері жылдан-жылға жетілдіріліп келеді. Заңнамаларымыз да барынша уақыт талабына қарай бейімделуде. Соның жарқын дәлелі былтыр ғана іске қосылған Әкімшілік рәсімдік-процестік кодексінің қабылданып, іске қосылуы болды. 

Аталмыш кодекстің күшіне енуі сот саласы мамандарын да, заңгерлерді де айтарлықтай қуантты. Өйткені азаматтарымыздың құқығын қорғауды барынша жетілдіретін, соттардың белсенділігін арттырып қана қоймай, сонымен қатар, олардың талапкерге барынша көмек көрсетуін көздейтін нормада халықтың құқығының аяқасты болмауы, сотта барынша әділдікке қол жеткізуіне жағдай жасалған. Осы уақытқа дейін соттар өз құқығын жетік білмей тұрған тарапқа қандай да бір бағыт бағдар сілтеуінің өзі оны тығырыққа тіреп, бір жақтың сойылын соққан болып есептелсе, енді бұдан былай бұл тұрғыда оттардың еркіндігіне, тәуелсіздігіне барынша мүмкіндік беріліп отыр.

Атап айтар жайт, жеке сот ісін жүргізудегі жария-құқықтық сипаттағы дауларды шешуде мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар өз шешімдерінің заңдылығын мүміндігінше дәлелдеуге міндетті. Мұның өзі жеке адамдардың мемлекеттік мекемемен бетпе бет келгенде құқығының барынша қорғалуына көз жеткізу үшін берілген мүмкіндік дей аламыз. Сондай ақ кодекстің 91-бабының 1-тармағына сәйкес, әкімшілік рәсімге қатысушы әкімшілік сотқа дейінгі тәртіппен әкімшілік әрекетке немесе әрекетсіздікке шағым жасауға құқылы. Сотқа дейінгі тәртіп бойынша мұндай шағымды бағыныстылық тәртібімен жоғары тұрған әкімшілік орган немесе лауазымды адам қарайды. Бұл жерде әкімшілік орган дегеніміз, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес әкімшілік актіні қабылдау, әкімшілік әрекет жасау, әрекетсіздік таныту жөнінде өкілеттіктер берілген мемлекеттік орган, жергілікті өзін-өзі басқару органы, мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ, өзге ұйымдар. Шағым түсісімен әкімшілік орган немесе лауазымды адам үш жұмыс күнінен кешіктірмей оны қарайтын органға немесе лауазымды адамға жіберуі тиіс.

Егер шағым жасалған әкімшілік орган немесе лауазымды адам осы үш жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын қолайлы әкімшілік акт қабылдаса немесе әкімшілік әрекет жасаса, онда тиісті органға шағымды жібермеуге құқылы. Бұл бір жағынан тез, әрі нақты шешім қабылдауда дұрыс болмақ. Соттағы шағым жасау тәртібіне келетін болсақ, әкімшілік актіге, әкімшілік әрекет немесе әрекетсіздікке шағымданатын жоғары тұратын орган, лауазымды адам болмаған жағдайда, әкімшілік рәсімге қатысушының өз құқықтары мен заңды мүдделерін сот тәртібінде қорғауға мүмкіндігі бар.

Утеубаев Канат Талгатбекович, Алматы қаласы Алмалы ауданының 2 аудандық сотының судьясы

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

В Алматы продолжается проект «Социальная мастерская»

Волонтеры Алматы, в рамках социального проекта «Социальная мастерская», организовали уникальный и яркий поход на знаменитый каток Медеу для воспитанников...