Конституция күніне орай үздік қызметкерлер марапатталды

Танымал

Ел аузында

Конституция күніне орай үздік қызметкерлер марапатталды
Түлкібас ауданының Мәдениет үйінде Конституцияның күніне орай жиын өткізілді. Жиынға аудан әкімі Н. Ізтілеуов, АПБ-нің бастығы полиция подполковнигі А.Серикбаев, аудан ардагерлер кеңесінің төрағасы С.Таңатбаев және жеке құрам қатысты.
-Ата заңның нормалары мен қағидаларын бұлжытпай орындау, конституциялық құндылықтарды қорғау бұл әр азаматтың қасиетті парызы. Ішкі істер органдарының қызметкерлері Отан алдындағы жауапкершіліктің зор екендігін айрықша түсінулері керек,- деді өз сөзінде А. Серикбаев.
Жиын соңында қауіпсіздік пен құқықтық тәртіпті нығайтуда қызметтік міндетін барынша жауапты және үлгілі атқарған тәртіп сақшылары полиция подполковнигі А.Серикбаевтың және аудан әкімі Н. Ізтілеуовтің алғыс хаттарымен марапатталды. Салтанатты жиын соңы аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының мерекелік концертке ұласты.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«Розовый октябрь»: в области Жетісу проходят мероприятия по раннему выявлению рака молочной железы

Специалисты Областной многопрофильной клиники области Жетісу в рамках месячника «Розовый октябрь» усилили работу по профилактике рака молочной железы и...