Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-7 C
Nur-Sultan
-4.1 C
Almaty
1.3 C
Shymkent

«Курорттағыдай». ІІМ Серік Күдебаевтың түрмедегі суретіне қатысты пікір білдірді

Танымал

Ел аузында

Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті (ҚАЖК) өкілдері Желіде пайда болған экс-генерал Серік Күдебаевтың бас бостандығынан айыру орындарында түсірілген суретіне қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Суретте Күдебаев дастархан басында 11 адаммен отырғаны бейнеленген. Әлеуметтік желіде кейбір қолданушылар Алматы облысы полиция департаментінің экс-басшысының қамаудағы жағдайына қатысты түрлі пікір қалдырған.

«Санаторияда сияқты. Әйелдер кадрдан тыс қалған шығар? Бұл капитализмде бәрі тең, ал кейбіреулері бұдан да тең екенін тағы да растайды», «Түрме емес, курорт», «Керемет отырыс», – деп жазған олар.

ҚАЖК баспасөз қызметі өкілдері ішкі тәртіп ережелеріне сәйкес ҚАЖК мекемелеріндегі сотталғандар сәлемдеме, аударым түрінде немесе жақын туыстарына барған кезде азық-түлік алуға құқылы екенін атап өтті. Сондай-ақ, олардың бос уақытында жасақтардың арнайы бөлінген үй-жайларында тамақтануға құқығы бар.

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесінің №22 мекемесінде сотталғандар туыстарынан дайын тағам алғаны алдын ала анықталды. Тексеру кезінде тыйым салынған тағамдар (алкогольдік ішімдіктер) табылмады», – делінген хабарламада.

Қазір сотталғандардың ұялы телефон пайдалануы, сондай-ақ, бейнебақылау камерасының объективін жабуға қатысты қызметтік тергеу тағайындалды. 

«Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жеке құрамның заңды бұзуы мәселесінде принципті ұстанымды ұстанады. Әрбір түскен ақпарат мұқият тексеріліп, заңбұзушылық расталған жағдайда, біз қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдаймыз», – делінген хабарламада.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...