Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

14.6 C
Nur-Sultan
19.6 C
Almaty
20.2 C
Shymkent

Синоптиктер 8 қыркүйекке арналған ауа райы болжамын жариялады

Танымал

Ел аузында

Астанада көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр жауып, найзағай соғады. Жел оңтүстік-шығыстан түнде секундына 3-8 метр, күндіз секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 19-21 градус жылы.

Алматыда бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 26-28 градус жылы.

Шымкентте бұлтты, жаңбыр жауып, найзағай соғады. Жел оңтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа өтеді, жел 8-13 метр, екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 28-30 жылы градус.

Ақмола облысының оңтүстігі мен батысында жаңбыр жауып, найзағай болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 4-9, күндіз 17-22 градус жылы. Көкшетауда көшпелі бұлт болады, жауын-шашынсыз. Түнде және таңертең тұман. Жел Оңтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр соғады. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 20-22 градус жылы.

Алматы облысының таулы аудандарында жаңбыр жауып, найзағай соғады. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, найзағай кезінде желдің екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, облыстың таулы аудандарында 2-7, күндіз 23-28, облыстың таулы аудандарында 13-18 градус жылы. Қонаевта аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 26-28 градус жылы.

Жетісу облысының оңтүстігі мен орталығында, таулы аудандарында өткінші жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, облыстың таулы аудандары мен Алакөл көлі ауданында екпіні 15-20, күндіз секундына 23-28 метр. Ауа температурасы түнде 9-14, облыстың солтүстік-шығысында 17, облыстың таулы аудандарында 6, күндіз 24-29, облыстың таулы аудандарында 19 градус жылы. Талдықорғанда көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыстан 5-10, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-14, күндіз 26-28 градус жылы.

Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарда қысқа мерзімді жаңбыр жауады, найзағай соғады. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13 оңтүстік-батысқа, батыста, облыстың таулы және тау бөктеріндегі аудандарында секундына 15-20 метрге ауысады. Ауа температурасы түнде 15-20, облыстың таулы аудандарында 12, күндіз 27-32, облыстың таулы аудандарында 23 градус жылы. Түркістанда бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан 8-13 оңтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 16-18, күндіз 29-31 градус жылы.

Батыс Қазақстан облысының оңтүстігі,шығысы және орталығында найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Жел  солтүстік-шығыстан 9-14, күндіз облыстың оңтүстігі, шығысы және орталығында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 6-11, күндіз 14-19 градус жылы. Оралда бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 16-18 градус жылы.

Атырау облысының солтүстігі, оңтүстігі және шығысында жаңбыр жауып, найзағай соғады. Жел солтүстік-батыстан 9-14, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, күндіз 18-23 градус жылы. Атырауда көшпелі бұлт, түнде және таңертең жаңбыр жауады, найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан 9-14, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 20-22 градус жылы.

Маңғыстау облысының батыс, солтүстік және орталығында күндіз жаңбыр жауып, найзағай соғады. Жел солтүстік-батыстан 9-14, күндіз облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 14-19, облыстың солтүстігінде 11, күндіз 23-28 градус жылы. Ақтауда көшпелі бұлт, күндіз жаңбыр, найзағай болады. Жел солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 24-26 градус жылы.

Ақтөбе облысында жаңбыр жауады. Түнде батыста, күндіз облыстың көп бөлігінде найзағай болады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай 9-14, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 13-18, түнде облыстың шығысында 10, күндіз оңтүстік пен шығыста 23 градус жылы. Ақтөбеде бұлтты, кейде жаңбыр жауып, күндіз найзағай соғады. Жел оңтүстік-батыстан 5-10 солтүстік-батысқа ауысады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде және күндіз 14-16 градус жылы.

Қостанай облысының солтүстік, батыс және оңтүстігінде таңертең және түстен кейін жаңбыр жауып, найзағай соғады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде тұман. Жел оңтүстік – шығыстан 9-14, күндіз облыстың батысында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың оңтүстігінде 13, күндіз 17-22, облыстың оңтүстігінде 25 градус жылы. Қостанайда бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, күндіз 20-22 градус жылы.

Солтүстік Қазақстан облысының оңтүстік-батысында күндіз жаңбыр жауады, найзағай соғады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігі мен шығысында тұман. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, күндіз облыстың оңтүстік-батысында жел екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 3-8, күндіз 16-21 градус жылы. Петропавлда аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан түнде 5-10, күндіз секундына 9-14 метр. Түнде ауа температурасы 5-7, күндіз 18-20 градус жылы.

Павлодар облысында жауын-шашын болмайды. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде тұман болады. Жел солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 4-9 жылы, облыстың оңтүстігі мен шығысында топырақ бетінде 1-3 градус аяз, күндіз 17-22 градус жылы болады. Павлодарда аспан бұлттанады, жауын-шашын болмайды. Жел солтүстік-шығыстан секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 6-8, күндіз 19-21 градус жылы.

Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай соғады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман болады. Жел оңтүстіктен секундына 9-14 метр шығысқа ауысады. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың оңтүстігінде 13 градус жылы, облыстың шығысында топырақ бетінде 1-3 градус, күндіз 13-18, облыстың оңтүстігінде 22 градус жылы. Қарағандыда аспан бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Жел оңтүстіктен секундына 5-10 метр шығысқа қарай ауысады. Түнде ауа температурасы 8-10, күндіз 16-18 градус жылы.

Ұлытау облысының солтүстігі мен шығысында жаңбыр жауады, найзағай соғады. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр. Түнде ауа температурасы 8-13, күндіз 18-23 градус жылы. Жезқазғанда аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 6-11 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 21-23 градус жылы.

Шығыс Қазақстан облысының шығысында күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман. Жел солтүстік-батыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2-7, облыстың оңтүстігінде 12, облыстың солтүстігі мен шығысында топырақ бетінде 1-3 градус, күндіз 18-23, облыстың шығысында 13 градус. Өскеменде аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-батыстан секундына 2-7 метр. Түнде ауа температурасы 5-7, күндіз 18-20 градус жылы.

Абай облысында жауын-шашын болмайды. Жел солтүстік-шығыстан секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2-7, облыстың оңтүстігінде 10, күндіз 17-22 градус жылы. Семейде аспан бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел солтүстік-шығыстан секундына 2-7 метр. Түнде ауа температурасы 5-7, күндіз 18-20 градус жылы.

Қызылорда облысында жауын-шашын болмайды. Жел оңтүстік, оңтүстік-шығыстан 9-14, күндіз облыстың орталығында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 12-17, күндіз 27-32, облыстың батысында 24 градус жылы. Қызылордада аспан бұлтанады, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 28-30 градус жылы.

Жамбыл облысының солтүстік-шығысы, оңтүстігі және таулы аудандарында қысқа мерзімді жаңбыр, найзағай, бұршақ жауады. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа қарай 9-14, облыстың оңтүстік-батыста, солтүстік-шығыста және таулы аймақтарда секундына 15-20 метрге ауысады. Ауа температурасы түнде 11-16, облыстың таулы аудандарында 7, күндіз 25-30 градус, облыстың таулы аудандарында 21 градус жылы. Таразда аспан бұлтты болады, дегенмен жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-батыстан 9-14 солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 13-15, күндіз 28-30 градус жылы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Волонтёры Алматы организовали кинопоказ для более 100 детей из детских домов

В Алматы волонтёры организовали тёплую и запоминающуюся встречу для детей, оставшихся без попечения родителей. В рамках проекта «Социальная мастерская», при...