Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-5 C
Nur-Sultan
-1.1 C
Almaty
6.3 C
Shymkent

Атырауда алты баланың әкесі жұмбақ жағдайда жоғалып кеткен

Танымал

Ел аузында

Ербол Құсайынов есімді Атырау қаласының тұрғыны достарымен бірге балық аулауға кетіп, үйіне оралмаған, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Жұбайы Меруерттің айтуынша, жолдасы Ербол Атырау қаласы маңындағы Алмалы ауылы тұсына балық аулауға кеткен. Өзі емес, достарымен бірге болатынын айтқан отағасынан хабар үзілгелі бері үрей құшағында отырған отбасы еріктілерден көмек сұрап жатыр.

«Іздестіру жұмыстарына еріктілер көбірек қажет. Мүмкін сонда нәтиже болып қалар деген үміттеміз», – дейді белгісіздік жағдайында мең-зең күй кешіп отырған отбасы.

Ербол – алты баланың әкесі. Өзі момын, өзі ақжарқын жігіттің жұмбақ жағдайда жоғалуына байланысты іске қазір полиция араласып жатыр.

«Атырау облысында құзырлы органдар жоғалған азаматты іздеу жұмыстарын бүгін үшінші күн жүргізуде. Іздестіру жұмыстарына Атырау облысы полиция департменті, Төтенше жағдайлар департаменті және Ұлттық ұланның 80 сарбазы мен кинология бөліністері және сүңгуірлер іздеу жұмыстарына жұмылдырылды. Қосымша дрон да қолданылып жатыр, – деп нақтылады Атырау облысы полиция департаментінің баспасөз-хатшысы Мейірім Ердәулет.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

ПРОБАЦИЯЛЫҚ ЕСЕПТЕГІ 400 АЗАМАТҚА АРНАЛҒАН ФОРУМ: «ӨТКЕННЕН САБАҚ, БОЛАШАҚҚА ҚАДАМ»

Түркістанда полиция мен прокуратураның ұйымдастыруымен «Өткеннен сабақ, болашаққа қадам» атты форумы өтті. Тәртіп сақшыларының қызметтік жүйесі бойынша пробациялық есепте тұрған...