Қарағандыдағы ЖЭО-да апат салдарынан қала жарықсыз қалды

Танымал

Ел аузында

Қарағандыдағы ЖЭО-да болған апат салдарынан қала тұрғындары жарықсыз қалды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қарағанды ​​облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәліметінше, ЖЭО-3-те қорғанысты іске қосу түріндегі технологиялық бұзылу анықталып, нәтижесінде 220 кВ сыртқы тарату құрылғысы сөндірілді.

«Себептері мен мән-жайы анықталып жатыр. Сондай-ақ, электр қуатынсыз қалған абоненттер саны да анықталып жатыр», – деп хабарлады өңір әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұл апатқа қатысты облыс әкімі Ермағанбет Бөлекпаев те пікір білдірді. 

«Бүгін таңертең апатты жағдай болды, қазір бәрін анықтап жатырмыз. Облыс бойынша жарықпен проблема болып жатыр. Қазір апаттың себебін анықтау және жарықты қосу бойынша жұмыс істеп жатырмыз», – деді әкім. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Кинопоиск қазақстандықтардың ең танымал онлайн-кинотеатрына айналды

Онлайн-кинотеатрға жазылған қазақстандық қала тұрғындарының әрбір екіншісі Кинопоиск қызметін таңдайды. K Research Central Asia* тәуелсіз зерттеуінің дерегіне сәйкес, сервисті онлайн-кинотеатрларға жазылған...