Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

26 C
Nur-Sultan
27 C
Almaty
22.3 C
Shymkent

Тұман, қар және аяз: 29 қыркүйекте Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Танымал

Ел аузында

Қазгидромет 29 қыркүйекте Қазақстанның әр өңірі тұрғындарын қандай ауа райы күтіп тұрғанын айтты, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанада көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Батыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 5-7 градус жылы, күндіз 15-17 градус жылы.

Реклама

Алматыда көшпелі бұлт шығады, күннің соңында жаңбыр жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 19-21 градус жылы.

Шымкентте көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 8-13 метр. Ауа температурасы түнде 10-12, күндіз 22-24 градус жылы.

Күндіз Ақмола облысының солтүстік-батысында және оңтүстік-шығысында аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 2-7, күндіз 12-17 градус жылы.

Күндіз Алматы облысының оңтүстігінде аздаған жаңбыр, облыстың тау бөктерінде жауын-шашын, облыстың таулы аймақтарында жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел 9-14, облыстың оңтүстігінде екпіні секундына 18 метр. Ауа температурасы түнде 8-13 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 2 градус аяздан 3 градус жылы, күндіз 18-23 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 8-13 градус жылы.

Күндіз Жетісу облысының орталығында аздаған жаңбыр жауады, оңтүстікте облыстың таулы аудандарында жаңбыр жауады. Жел солтүстік-шығыс 9-14, Алакөл ауданында екпіні секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 7-9, облыстың шығысында 12, облыстың таулы аудандарында 2 градус жылы, күндіз 20-25, облыстың таулы аудандарында 17 градус жылы.

Түркістан облысының таулы аймақтарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші 8-13, облыстың таулы аудандарында секундына 15-20 метр. Ауа температурасы түнде 10-15, облыстың таулы аймақтарында 7, күндіз 20-25, облыстың таулы аймақтарында 17 градус жылы.

Батыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 3-8, облыстың оңтүстігінде 11, күндіз 20-25 градус жылы.

Атырау облысында жауын-шашынсыз. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 7-12 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 21-26 градус жылы.

Ақтөбе облысында жауын-шашынсыз. Солтүстіктен соғатын жел батыстан секундына 6-11 метрге ауысады. Ауа температурасы түнде 1-6 градус жылы, облыстың оңтүстігінде 11 градус жылы, облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 2 градус аяз, күндіз 13-18 градус жылы, облыстың оңтүстігінде 21 градус жылы.

Қостанай облысының солтүстігінде және шығысында таңертең және күндіз жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан секундына 7-12 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 4-9, күндіз 14-19 градус жылы.

Түнде Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, шығысында аздаған жаңбыр жауады. Түнде және таңертең облыстың солтүстігі мен шығысында тұман түседі. Батыстан, оңтүстік-батыстан секундына 9-14 метр жел соғады. Ауа температурасы түнде 3-8, күндіз 12-17 градус жылы.

Күндіз Павлодар облысының солтүстігі мен оңтүстігінде аздаған жаңбыр жауады. Түнде облыстың оңтүстігінде тұман түседі. Оңтүстік-шығыстан соққан жел секундына 5-10 метр. Ауа температурасы түнде 4-9, күндіз 12-17 градус жылы.

Күндіз Ұлытау облысының шығысында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Солтүстік, солтүстік-батыстан соғатын жел секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 5-10, күндіз 15-20 градус жылы.

Абай облысының солтүстігінде, батысында және орталығында жаңбыр жауады. Жел оңтүстік-шығыстан 9-14, күндіз солтүстікте, облыс орталығында екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде 5-10, облыстың шығысында 2, күндіз 13-18, облыстың оңтүстігінде 22 градус жылы.

Таңертең және күндіз солтүстікте, Қызылорда облысының орталығында аздаған жаңбыр жауады. Солтүстік-батыстан соғатын жел солтүстіктен секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 7-12, күндіз 19-24 градус жылы.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Оқу орындары мен көшелерде интернет алаяқтарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жетісай ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжде студенттер мен ұстаздарға интернет алаяқтарынан сақтану жолдары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты...