Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-9 C
Nur-Sultan
-7.1 C
Almaty
-0.7 C
Shymkent

Қонаев қаласында «Денсаулық фестивалі» өтті

Танымал

Ел аузында

Қонаев қаласының орталық алаңында «Денсаулық фестивалі» өтті. Іс – шараның мақсаты – дене белсенділігін насихаттау, әр азаматтың денсаулығын сақтау және нығайту үшін жауапкершілігін арттыру, салауатты өмір салтын ұстануға мотивация қалыптастыру, белсенді демалыс түрі ретінде сауықтыру жүгірісін насихаттау.
Фестиваль аясында ерлер мен әйелдер арасында 2000 метрге жүгіруден марафон ұйымдастырылды. Марафонға мемлекеттік қызметшілер, оқу және спорт мекемелерінің өкілдері мен облыс орталығының тұрғындары мен қонақтары қатысты.Қатысушылар 3 жас тобында бақ сынасты: 18-ден 35-ке дейін, 35-тен 50-ге дейін және 50-ден жоғары.
Фестивальді Алматы облысының әкімдігі, Денсаулық сақтау басқармасы және облыстық СӨС қалыптастыру орталығы ұйымдастырды.
-Фестивальдің мақсаты – тұрғындар арасында салауатты өмір салтын насихаттау және белсенді өмір салтын қалыптастыру. Cонымен қатар дұрыс тамақтануға, зиянды әдеттерден бас тартуға үндеу, -деді Алматы облыстық Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Лязат Актаева.
Сонымен қатар тұрғындар үшін ұйымдастырылған «Денсаулық қалашықта» дәрігерлер келушілерге кеңес беріп, тексеруден өткізді. Мамандар физикалық белсенділіктің пайдасы мен аурудың алдын алу шаралары бойынша ақпарат берді. Ал балалар арнайы ойын-сауық бағдарламаларын тамашалады. Іс-шара арнайы концерттік бағдарламамен аяқталды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...