Іле-Алатау ұлттық саябағында орманшыны ұрып-соғу ісі қайта сараланды

Танымал

Ел аузында

Алматы полициясы Іле-Алатау ұлттық саябағында орманшыны ұрып-соғу ісін «Бұзақылық» бабынан «Күш қолдану» бабына қайта сараланды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

«Алматы Полиция департаменті хабарламасы: бұл қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.

Күдіктілерді анықтау және ұстауға бағытталған қажетті шаралар кешені жүргізіліп жатыр, – делінген полиция хабарламасында.

Тергеу барысы Алматы Полиция департаменті басшылығының бақылауында.

«Қылмыстың объектісі жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйымның лауазымды тұлғасы екенін ескере отырып, қылмыстық іс Қылмыстық кодекстің 380-2-бабы 3-бөлігіне «Жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік инспекторға, жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мамандандырылған ұйым инспекторына, қорықшыға қатысты күш қолдану» қайта сараланды», – деп хабарлады департамент.

Еске сала кетейік, жол талғамайтын Toyota Land Cruiser көлігімен келген белгісіз біреулер Іле-Алатау ұлттық паркінің орманшысын соққыға жыққан.

Оқиға 29 қыркүйекте сағат 19:15 шамасында Іле-Алатау ұлттық паркі аумағында болған. Белгісіз біреулер 30 жастағы инспектор Дамир Қуатбековке шабуыл жасап, оны таяқпен ұрған. Ол басынан жарақат алып, №12 ауруханаға жатқызылды.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Каждая спасённая жизнь — результат системной работы

О текущей ситуации с суицидами в регионе, тревожных сигналах, на которые важно обращать внимание, и масштабной профилактической работе рассказал...