Елімізде ерекше балаларды бағып қағып отырған аналар саны жыл сайын көбейіп барады. Мемлекет тарапынан да оларға көрсетілетін қамқорлық түрлері жанданып келе жатқанымен бәрібір олар айналасының қолдауына, қоғамның жылы сөзіне мұқтаж. Осы орайда жақында бір топ ел жанашырлары “Аманат” партиясының Жетісу аудандық филиалымен бірге ерекше балалары бар аналарға арнап арнайы қайырымдылық шарасын өткізді.
Аталмыш шараның ұйымдастырылуына “Ерекше” ерекше балаларды педагогикалық түзету-оңалту орталығының негізін қалаушы, клиникалық балалар психологі, реабилитолог, “Аутизм” проектісінің зерттеушісі Қаламқас Асқарқызының сіңірген еңбегі ерекше болды. Мұндай балалармен де, аналармен де жұмыс жасап үйренген, тіпті сол еңбегі үшін Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының алғыс хатын иеленген Қаламқас Асқарқызы “Анаға алғыс!” іс-шарасында көңілі жарым аналарымызға Алғыс хат пен арнайы төсбелгі тағып, мерейлерін үстем етті. Атап өтер жайт, Қаламқас Асқарқызы «Ерекше Баланың ой-танымын қалыптастыру» – кітабының да авторы. «Ел Жанашыры» кітабының кейіпкері; Б.Момышұлы атындағы “Намыс” төсбелгісі; “Жыл Алтын Адамы” шарасының “Алтын адам” статуэткасы; Ерекше бала мен ата-анаға тегін көмек бергені үшін “Алтын жүрек” қоғамдық сыйлығының иегері атанған жан.
Ел экономикасын дамытып, балалар үйі мен қарттар үйіне көмек бергені үшін, халыққа қызмет атқарып жүрген еңбектері үшін жуырда Аманат партиясының Алғыс хатымен, “Ел Жанашыры” төсбелгісімен марапатталған да болатын. Сондықтан Қаламқас Асқарқызы осыған дейін де қоғамымыздағы мұндай шаралардан қалыс қалмай өзінің қолдауын білдіріп келе жатқан тұлға. Ең бастысы ерекше балалармен жұмыс жүргізуде одан асқан маманды табу қиын деуге болады. Сондықтан шараның ұйымдастырылуында Қаламқас Асқарқызының орны ерекше болды.
Осы орайда атап өтер жайт, «Ерекше» ерекше балаларға арналған орталық (Аутизм, ДЦП, ОНР, ЗПРР, ЗРР, Алалия т.б.) 2019 ж Астана қаласында, 2020 Алматы қаласында негізі қаланды. Директор Асқар Қаламқас Асқарқызы – балалар психологі, Реабилитолог.
Ерекше балаларды педагогикалық түзеп, балалардың ой-танымын тұрақтандырумен айналысады.
Орталық негізін қалаушы Қаламқас Асқарқызы «Бізде логопед, дефектолог, психолог, ЛФК, еңбек-терапия , музыка, би мамандары бар. Ең алғашқылардың бірі болып ерекше балаларға арналған Арт-терапияның маңызын құрдық. Ерекше балалардың қатарға қосылып, олардың аналарының мойымауы үшін қолдан келгенді аямаймыз» дейді.