Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-4 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
11.3 C
Shymkent

Қазақстанда енді ешкімнің кредиті кешірілмейді

Танымал

Ел аузында

Қазақстанда енді ешкімнің кредиті кешірілмейді. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мадина Әбілқасымова айтты, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

«2019 жылы кредит кешірілгеннен кейін еліміздің қаржы секторында кредит көлемі қайтадан өсті. Оның ішінде проблемалық кредиттер де артты. Егер мемлекет қаражатын бөліп, қайта-қайта (қазақстандықтардың кредитін – еск.) кешіре берсек, жаңа кредиттер көбейеді», – деді төраға Мәжілістегі Парламенттік тыңдаудан соң.

Осығай байланысты Қазақстанда коллекторлық агенттіктердің жауапкершілігі күшеймек.

«Енді олар заң бойынша проблемалық берешекті реттеудің міндетті рәсімін жасауы керек. Егер қарыз алушы банкке жүгінсе, ол осындай рәсімді өткізуге тиіс. Биылдан бастап рәсімді жүйелі түрде қолдану үшін Президенттің тапсырмасы бойынша барлық банк пен микроқаржы, коллекторлық ұйым жеке жобаларын әзірледі», – деді Мадина Әбілқасымова.

Ол проблемалық несиелерді қайтару бойынша жеке жоспар дайындалғанын мәлімдеді.

«Жалпы 1 миллион 449 мың адамды қамту жоспарланған. Бұл жоспарлар жаңартылады. Оның ішінде банктердің кредиттерді қайта құрылымдауы, қарызды ішінара немесе толық есептен шығару шаралары бар. Мысалы, адамның төлеуге қабілеті жоқ болса немесе қарыздың сомасы қатты үлкен болмаса, бірнеше жылға созылған проблемалық кредиті болмаса, онда банктер өз есебінен (қарызды – еск.) ішінара немесе толық жауып тастайды», – деді төраға.

Еске салайық, бұған дейін елде проблемалық қарызы бар тұрғындардың саны өсіп жатқаны хабарланған еді.

Аяз Есен

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...