Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-14 C
Nur-Sultan
-6.1 C
Almaty
0.3 C
Shymkent

Республика күні – ұлттық мереке

Танымал

Ел аузында

2022 жылы мерекелер қатарынан алынып, тойланбай келген Республика күнін қайта жаңғырды.Мемлекет басшысының жарлығымен 25 қазан – Республика күні ұлттық мереке қатарына кірді. Президенттің айтуынша, Республика күні еліміздің мемлекеттілікке батыл қадам жасауының символына айналуы тиіс.

«Әрине, Тәуелсіздік күнінің бастапқы мағынасы сақталады. Бұл күн басты ұлттық мереке болып қала береді. Дегенмен, бұл күнді тәуелсіздікке сүбелі үлес қосқан ұлттық батырларымызды еске алу күні ретінде атап өту керек», – деп түсіндірді Қасым-Жомарт Тоқаев. 1990 жылдың 25 қазаны күні Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің шешімімен «Қаз ССР-нің мемлекеттік егемендігі туралы» декларация қабылданды. Сол кезден бастап Қазақстан егеменді елге айналуының алғышартын бастап кетті.Қазақ КСР-нің егемендігін жарияланып, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретіндегі саяси-құқықтық негіздері қаланды. Онда тұңғыш рет қазақ мемлекетінің тұтастығы оның аумақтарының бөлінбейтіндігі және мызғымастығы туралы, Қазақстан халықтарының тілін, мәдениетін дамыту, ұлттық бірегейлікті нығайту сияқты қағидаттары бекітілді. Сондай-ақ құжатта саяси, экономикалық және әлеуметтік мәселелерді дербес шешу принципі жарияланды. Қазақ КСР-і өзінің ішкі әскерлерін, мемлекеттік қауіпсіздік және ішкі істер органдарын құру құқығын алды. Ал президент әкімшілік-атқарушы жоғарғы биліктің басшысы болып танылды.
Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлі¬гімізді бекемдеп, ынтымағымызды арт¬тыратын айшықты мереке. Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлі-гімізді бекемдеп, ынтымағымызды арт¬тыратын айшықты мереке. Біз Әділетті Қазақстанды құруға кірістік. Барша қазақстандықтар белсене атсалысқанда ғана осы игі мақсатқа қол жеткізе аламыз. Себебі мемлекеттің тірегі де, басты байлығы да – азаматтар!
Көк туымыз – егемендік, азаттық, бірлік, бейбітшілік сынды ізгі құндылықтарды ұштастыратын қастерлі рәміз. Біз – байрағын биік ұстаған бабалардың ұрпағымыз. Сондықтан ту көтеру рәсімі ұлттық мерекенің маңызын арттырады.Қазақстаннан басқа Отанымыз жоқ. Бағдарымыз – айқын, мақсатымыз – ортақ.Біз тәуелсіздік тұғырын биік ұстап, мемлекеттігімізді нығайта береміз. Өйткені Отанымыз – бір, мемлекетіміз – бір, халқымыз – бір, – деді мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.
Расында тәуелсіз елдің тарихында ел егемендігі туралы Декларацияның жөні бөлек. Ақиқатқа көз жеткізсек, мемлекеттік егемендік туралы декларация – дербестігімізді айғақтаған және тәуелсіздігіміздің құқықтық негізін қалаған аса маңызды құжат. Елдік пен еркіндік жолында тарихи шешім қабылданған күнді ұлттық мерекеге айналдыру – отаншылдық рухымызды асқақтатар ұтымды қадам. Алдағы уақытта бұл күннің қадір-қасиеті одан әрі артып, азаттығымызды айшықтайтын нағыз жалпыхалықтық мереке боларына ешқандай күмәніміз жоқ. Расында да уақыт тарихи оқиғаны өшіре алмайды. Қазақстан – терең тарихы, бірегей құндылығы, саяси жолы мен бағыт-бағдары айқын іргелі мемлекет.


Бисенова М.Қ
Атаханова Г.М
әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің заң факультеті қылмыстық құқық,қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының оқытушылары
Худайбергенов Ж
Заң факультетінің магистранты

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістанда «Заң және Тәртіп – қауіпсіз қоғамның кепілдігі» атты форум өткізілуде.

Мемлекет басшысы құқық қорғау және бейінді мемлекеттік органдардың алдына азаматтардың жан – жақты қауіпсіздігін қамтамасыз ету міндетін қойды. Біздің...