Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

21 C
Nur-Sultan
31 C
Almaty
32.3 C
Shymkent

Экс-министр Бекетаев елден қашпақ болды – Бас прокуратура

Танымал

Ел аузында

Бас прокурордың орынбасары Әсет Шындалиев экс-министр Марат Бекетаев Қазақстаннан қашпақ болған кезінде ұсталғанын мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kzтілшісі.

«Қылмыстық іс лауазымды өкілеттігін асыра пайдалану бойынша қозғалды. Мемлекетке аса ауыр көлемде шығын келтірілді. Бекетаев, шынында да, елден қашпақ болған кезінде ұсталды. Қалған мәлімет соталды тергеуге байланысты жария етілмейді», – деді ол.

«Әуежайда ма?» деген журналистің сұрағына прокурордың орынбасары «иә» деп жауап берді.

Еске салайық, бұған дейін әділет министрі Марат Бекетаев екі айға қамауға алынғаны хабарланған еді.

Антикоррупциялық қызмет Мемлекет басшысының заңсыз шығарылған активтерді іздеу және қайтару жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде бұрынғы әділет министрін (Марат Бекетаевтың – еск.) лауазымдық өкілетін асыра пайдаланды деген күдікпен ұстады.

Ол талап етілмейтін қызметтерді көрсетуге жыл сайынғы келісімшарттар жасау арқылы үлестес компанияның мүдделерін қолдаған. Бұл әрекет мемлекетке үлкен зиян келтірген.

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

«КӨСЕМ КӨК – 245» автожорығы бабалар рухын жаңғыртпақ

«Тарихы жоқ елдің тамыры жоқ» десек,  Аллаға шүкір қазақты бұл тұрғыда кенделік жоқ. Ақиқатында халқымыздың  арғы-бергі тарихы сан ғасырларға бойлайды. Көне...