Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

19 C
Nur-Sultan
13.2 C
Almaty
18.4 C
Shymkent

«140-тан аса кенші қаза тапты». Серік Ахметов «АрселорМиттал Теміртау» басшылығы жазаға тартылуы керегін айтты

Танымал

Ел аузында

Қазақстанның бұрынғы премьер-министрі Серік Ахметов Костенко шахтасындағы апатқа қатысты пікір білдірді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы ол «Өлім ошағы» деректі фильмінде бөлісті. 

«Менің ойымша, «АрселорМиттал Теміртау» басшылығы қатаң жазаға, қатаң жауапкершілікке тартылуы керек. 10 жыл ішінде қанша қайғылы оқиға болып, 140-тан аса кенші қаза тапты, қаншама отбасы, қанша адам зардап шекті. Бұл жерде жауапкершілік мол болуы керек. «АрселорМиттал Теміртау» тек Қазақстанда емес, халықаралық деңгейде жауапкершілікке тартылуға тиіс. Өнеркәсіп пен техника қауіпсіздігіне қомақты қаражат бөлінбеуі салдарынан қылмыстық немқұрайлылыққа жол берілді және бұл жылдар бойы жалғасты. «АрселорМиттал Теміртау» қожайындары мен басшылығын жауапкершілікке, тіпті қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін мемлекет халықаралық қауымдастықтың назарын аударуы керек деп ойлаймын», – деді Серік Ахметов. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Түркістан облысында 5 тәулікте 424 жасөспірім полицияға жеткізілді

Түркістан облысында өткізіліп жатқан «Жасөспірім» жедел-профилактикалық іс-шарасының бес тәулігінде полицияға 424 кәмелетке толмаған жасөспірім жеткізілді. Оларға қатысты 415 әкімшілік...