Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

-6 C
Nur-Sultan
4 C
Almaty
8.3 C
Shymkent

Қарағандыдағы шахтада жарылыс кезінде қаза тапқан соңғы кеншінің денесі табылды

Танымал

Ел аузында

Қарағанды ​​облысындағы Костенко атындағы шахтадағы жаралыстан қаза тапқан 46-кеншінің денесі табылды. Бұл туралы сейсенбі күні үкімет отырысында Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов мәлімдеді, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі. 

«Бүгін іздестіру-құтқару жұмыстары барысында қаза тапқан 45 кеншінің денесі және алдын-ала болжам бойынша 46-адамның адамның дене бөлшектері табылды. Қаза болған 40 адамның жеке басы анықталды, алтауының кім екені анықталмады. Оларды сәйкестендіру үшін тиісті сараптамалар жүргізіледі.

Электр энергиясының болмауы, тау-кен қазбаларының ұзындығы, көп бұзылған механизмнің болуы іздеу жұмыстарын қиындатты. Су басқан жекелеген кен орындарында жұмыс істеу қиын болды», – деді Сырым Шәріпханов Үкімет отырысында.

«Ақша түссе болды, басқасына бас қатырмайды»: қазақстандықтар опат болып жатқан «АрселорМиттал Теміртау» туралы не белгілі?

Еске салайық, алдымен бұл шахтада 7 адам қаза тапқаны белгілі болды. Ал екі күн бұрын қаза тапқандар саны 45 адамға жетті. Сонымен қатар, ауруханада жатқан зардап шеккендердің жағдайы айтылды. 

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаралы жағдайдан кейін «АрселорМитталТеміртаумен» ынтымақтастықты тоқтатуды тапсырды. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Алматыда алғаш рет қимыл-тірек жүйесінің сирек кездесетін кемістіктеріне шалдыққан балаларға бірегей оталар жасалды

Алматыдағы №2 Қалалық клиникалық балалар ауруханасы емдеу процесіне жаңа үрдістерді тұрақты түрде енгізіп отырады. Сөзімізге қазанның 13 мен 16...