Өзгеретін, өзгертетін Уақыт!

11 C
Nur-Sultan
16 C
Almaty
23.3 C
Shymkent

«Бәсе» YouTube-арнасының авторлары не үшін іздестіріліп жатқаны белгілі болды

Танымал

Ел аузында

Ішкі істер министрлігі «Бәсе» YouTube арнасының авторлары Наталья мен Айдос Садықовтар қандай себеппен іздестіріліп жатқанын түсіндірді, – деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Министрлік мәліметінше, «Бәсе» YouTube арнасынан заңсыз контент табылған.

«Уәкілетті орган YouTube-арнада шындыққа сәйкес келмейтін және ұлттық алауыздықты насихаттайтын бейнематериалдарды анықтады», – делінген хабарламада.

Сонымен қатар, 2014 жылы да Ақтөбе соты жала жабу дерегі бойынша Наталья Садықоваға мемлекетаралық іздеу жариялаған. Бұл кезде оған кәсіпкерден шағым түскен.

«Одан кейін іздеу баптың әкімшілік құқықбұзушылық санатына ауыстырылуына байланысты тоқтатылды», – делінген министрлік мәліметінде.

Еске салайық, бұған дейін «Бәсе» YouTube арнасының авторларына іздеу жарияланғаны хабарланды. 

Толық немесе ішінара пайдаланғанына қарамастан, сайт материалдарын пайдаланған кезде міндетті түрде uakytnews.kz сайтына сілтеме жасауыңызды сұраймыз.

Сайт әкімшілігі

Жаңа

Оқу орындары мен көшелерде интернет алаяқтарының алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Жетісай ауданындағы Ғ.Мұратбаев атындағы гуманитарлық-техникалық колледжде студенттер мен ұстаздарға интернет алаяқтарынан сақтану жолдары жөнінде ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараның негізгі мақсаты...